Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау-2023 / Ауылдан шыққан жастарды қолдау керек

Ауылдан шыққан жастарды қолдау керек

Сайлау-2023 16.11.2022, 11:39 1,047
Ауылдан шыққан жастарды қолдау керек
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев үгіт-насихат жұмыстарын Батыс Қазақстан облысында жалғастыруда. Өңірге арнайы келген кандидат Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде кездесу өткізді. Жиынға универсеттің басшылары мен оқытушуылық құрамы, студенттер, ЖОО белсенділері қатысты. Кездесу барысында оқу ордасында білім алған мамандардың жұмыспен қамтамасыз етілуі талқыға салынды.



«Иә, расында ауылдық жерлер мен қаланың даму деңгейінде айырмашылық бары жасырын емес. Осыны анық аңғарып, көріп жүрген жастар оқу бітірген бойда алдымен қалада қызметін бастап, сол жерде тұрақтап қалуды көздейді. Бірақ өзіміз айтқандай, ауылдарды дамыту мемлекеттің басты бағыттарының біріне айналып отыр. Осы ретте «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасына өзгерістер енгізу қажет деп санаймын», – деп атап өтті Жигули Дайрабаев.



Кандидат ауылдан шыққан жастар қайта ауылға оралып, өз туған жерінің дамуына үлес қосуы қажет дейді. Ол үшін оларға барлық жағдай жасалуы тиіс. Ауылдық елді мекендердегі білікті маман тапшылығының орнын толтырудың бірден-бір жолы осы. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастырған жөн.



«Еліміздегі ауыл шаруашылығы бағытындағы университеттердің түлектері неге мамандық бойынша жұмыс істеуге бармайды? Біріншіден, саладағы жалақының төмендігіне байланысты. Екіншіден, ауылдағы тұрмыстық жағдайдың қиындығы, көптеген ауылдарда қарапайым суық су, интернет жоқ, жолдар өте нашар. Үшіншіден, балаларға арналған дамыту орталықтарының жоқтығы. Сондықтан «Ауыл» партиясы ұсынып отырғандай, ауыл және ауыл шаруашылығы мәселелерін бірлесіп шешу қажет», – деген пікірде Жигули Дайрабаев.



Қандидат Жигули Дайрабаев «Жайық Ет» кәсіпорнына барып, еңбек ұжымымен кездесті. Бүгінде заманауи ет өңдеу кешені 8 мың тонна өнім шығарады. Кәсіпорын өндіріс көлемін арттыруға ниетті. Алайда зауыт басшылығының айтуынша, несие алу бойынша қиындықтар туындап отыр.


Осы ретте Жигули Дайрабаев агробизнес құрғысы және аграрлық саланы нығайтқысы келетіндер үшін пайызсыз несие беретін арнайы агробанк құруды ұсынғанын атап өтті.



«Пайызсыз несие қожалықтар мен фермерлік шаруашылықтарға, жеке кәсіпкерлерге, ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін ашу мен жеке бизнесті кеңейтуге берілуі тиіс. Мен бұл өзекті мәселеге өзімнің сайлауалды бағдарламамда да тоқталдым. Біз ауыл шаруашылығы саласын дамытуға ниетті болсақ, осы бағытта еңбек етіп жүрген азаматтарымызды қолдауымыз керек», – деді Жигули Дайрабаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #сайлау #президент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Азия чемпионатында велотректен екінші алтын медаль алды

Бүгін 17:21

Алматыда салынып жатқан әкімшілік ғимараттың шатыры өртенді

Бүгін 16:00

Қазақстанның бірқатар өңірінде көшкін қаупі әлі де жоғары

Бүгін 15:08

Қызылордада 121 адамды алдаған интернет-алаяқ сотталды

Бүгін 14:10

Испанияда эвтаназия құқығына қол жеткізген 25 жастағы қыз көз жұмды

Бүгін 12:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика