конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ауыл шаруашылығы министрі Түркияға Қазақстанда қай...

Ауыл шаруашылығы министрі Түркияға Қазақстанда қайта өңдеуді дамытуды ұсынды

Әлеумет 25.01.2024, 13:45 1,085
Ауыл шаруашылығы министрі Түркияға Қазақстанда қайта өңдеуді дамытуды ұсынды
Сурет: Gov.kz

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Түркияның ауыл және орман шаруашылығы министрінің орынбасары Эбубекир Гизлигидермен кездесті.


АШМ басшысы Түркия Республикасымен ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастық Қазақстан үшін басым бағыттардың бірі екенін атап өтті. Мәселен, екі ел арасындағы АӨК өнімі бойынша тауар айналымы 2023 жылдың 11 айында 19%-ға өсіп, 300 млн АҚШ долларын құрады.


Айдарбек Сапаров өзара сауданы ұлғайту, жеткізілетін тауарлар номенклатурасын кеңейту жөніндегі жұмысты жалғастыруды ұсынды. Министрдің айтуынша, Түркияның ауылшаруашылық шикізатын өңдеу саласындағы жетістіктерін ескере отырып, Қазақстан осы саладағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі.



«Министрлік түрік инвесторларына жәрдемдесуге, Қазақстан тараптан серіктестер іздеуге дайын», - деп атап өтті А.Сапаров.



Ол сондай-ақ Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі болып табылатынын, бұл жергілікті өндіріс өнімдерін экспорттау мүмкіндіктерін кеңейтетінін атап өтті.  


АШМ басшысының ұсыныстарын президент Режеп Ердоғанның «Қазақстан – Түркия инвестиция салуы тиіс ел» деген сөзін келтіре отырып, Эбубекир Гизлигидер қолдады. Эбубекир Гизлигидер тұқым, жылыжай шаруашылығына және суаруды дамытуға инвестиция салуға қызығушылығын атап өтті.


Қорытындылай келе, Айдарбек Сапаров Эбубекир Гизлигидерді 2024 жылғы 19-22 наурызда Тараз қаласында өтетін Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы министрлерінің кездесуіне қатысуға шақырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ауыл шаруашылығы #министр #қайта өңдеу #дамыту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – дастан» атты ауқымды мерекелік концерт өтті

Бүгін 11:34

Алматының коммуналдық қызметтері нөсер жаңбырдың салдарын жедел түрде жойды

Кеше 20:52

Иранда аятолла Әли Хаменеимен қоштасуға арналған аза тұту рәсімдері басталды

Кеше 17:50

Алматыдағы сенбілікке 2,4 мың адам қатысты

Кеше 15:41

Жаңа Конституцияны диалог пен шығармашылық арқылы жүзеге асыру: Алматыда ауқымды жастар науқаны өтіп жатыр

Кеше 15:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);