Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Алматы...

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Алматы индустриалды аймағына барды

Әлеумет 29.12.2022, 09:00 1,107
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Алматы индустриалды аймағына барды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Бұл секторға өңдеу өнеркәсібінің жалпы қалалық көлемінің 28%-ы тиесілі.


Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Алматыға жұмыс сапары аясында Алматының индустриалық аймағындағы «BRB APK» ЖШС жылыжай кешеніне барды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазіргі таңда ауданы 17 га болатын жылыжайда заманауи голландиялық технологиялар (өсімдікті топырақта емес, қоректік ерітіндіде өсіру, тамшылатып суару жүйесі және т.б.) қолданылады, бұл жылына 7,2 мың тоннаға дейін көкөністер өсіруге мүмкіндік береді. Жобаға 7,8 млрд. теңге инвестиция салынды, 200 адам жұмыспен қамтылған.


2016 жылы жылыжай іске қосылғалы бері отандық өндіруші ішкі нарықты жоғары сапалы көкөністермен (қызанақ, қияр, болгар бұрышы, баялды және т.б.) қамтамасыз етеді.



Сапар барысында Ербол Қарашөкеев тамақ өнеркәсібі саласындағы қайта өңдеу кәсіпорындары – «Беккер және К» ЖШС, «Бижан «МӨЗ» ЖШС, «Маслодел» ЖШС, «Еуразиан Фудс Корпорейшн» АҚ және т.б. басшыларымен кездесіп, түйткілді мәселелер мен Алматы қаласының қайта өңдеу саласын одан әрі дамыту жоспарын талқылады.


Алматы - еліміздегі ең ірі азық-түлік тауарларын тұтынушы мен өндірушінің бірі. 2022 жылдың 11 айында тамақ өнімдерін өндіру көлемі 279,2 млрд. теңге болды, бұл өткен жылға қарағанда 1,4%-ға артық. Қала бойынша тамақ өнімдерін өндіру саласында 250-ге жуық (26 ірі және орта) кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл секторға өңдеу өнеркәсібінің жалпы қалалық көлемінің 28%-ы тиесілі.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жылыжай #министр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика