Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау-2023 / «Ауыл» партиясының өкілдері «Қызылжар сүт» кәсіпор...

«Ауыл» партиясының өкілдері «Қызылжар сүт» кәсіпорнының қызметкерлерімен кездесті

Сайлау-2023 17.11.2022, 12:35 906
«Ауыл» партиясының өкілдері «Қызылжар сүт» кәсіпорнының қызметкерлерімен кездесті
Сурет: Ашық дереккөз

Бүгін «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы төрағасының орынбасары,  Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаевтың сенімді өкілі Николай Арсютин Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы Чапаево елдімекенінде орналасқан  «Қызылжар сүт» ЖШС кәсіпорнына барып, еңбек ұжымымен кездесті. Кездесу барысында кандидаттың сауалды бағдарламасының негізгі бағыттары баяндалып, партияның жұмысы туралы егжей-тегжейлі айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Жигули Дайрабаев өзінің бағдарламасында Қазақстан шикізаты бай мемлекет бола тұра, өз халқын қолжетімді отынмен және энергетикалық ресурстармен қамтамасыз ете алмай отырғандығын атап өтті. Осы ретте көпшілікпен кездескен Николай Арсютин бағдарламада ауыл шаруашылығы саласын дамытуға ерекше ден қойылғандығына тоқталды. 



«Ауыл» партиясы ауылдық елді мекендерді жаңғырту жөніндегі ұзақ мерзімді ұлттық стратегияны заң деңгейінде қабылдауды  ұсынып отыр. Әсіресе, ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің мәртебесін арттыру өте маңызды. Қала тұрғындарын коммерциялық үстеме бағасыз азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету үшін мегаполистерде, моноқалаларда, облыс және аудан орталықтарында тұтыну қоғамдары мен кооперативтер желісін құру және дамыту жоспарланған», – деді Николай Арсютин. 



Өз кезегінде кәсіпорын қызметкерлері кандидаттың бастамаларын тыңдап, аталмыш жобалар жүзеге асса саладағы қордаланған мәселелер шешім табарына сенім білдірді.


Өндіріс ошағынан кейін партия өкілдері Петропавл қаласындағы Сәбит Мұқанов атындағы кітапханада сайлаушылармен кездесу өткізді. Жиында кандидаттың алдағы уақытқа жоспарлары, «Ауыл» партиясының жобалары төңірегінде әңгіме қозғалып, жұртшылықтың сұрақтарына жауап берілді. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сайлау #партия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Ұлттық ұлан әскери қызметшілері сенбілікке белсене қатысты

Кеше 18:49

Қала тазалығы – ортақ жауапкершілік: Алматыда мәдениет саласының өкілдері сенбілікке белсенді қатысты

Кеше 16:55

Алматылықтар «Желтоқсан» саябағында сенбілікке қатысты

Кеше 14:45

Болашақтың саясында өткен мереке: Алматыда «Тамырлас» жобасы басталды

Кеше 14:19

ІІМ басшысы Сәденов Алматыдағы жол апатына қатысты бірқатар мәлімдеме жасады

Кеше 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика