Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Ауыл нақыштары» фотоконкурсы өтті

«Ауыл нақыштары» фотоконкурсы өтті

Әлеумет 26.02.2026, 14:51 93
«Ауыл нақыштары» фотоконкурсы өтті
Досжан Балабеков

Ауыл партиясы Алматы қаласы филиалы партия жобаларының бірі – «Ауыл нақыштары» фотоконкурсын насихаттауға арналған арнайы іс-шара өткізді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Шараның негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды, ауыл өмірінің шынайы болмысын, салт-дәстүр мен еңбек адамдарының бейнесін фотоөнер арқылы кеңінен таныту және шығармашыл азаматтарды қолдау.

            Іс-шара барысында филиал өкілдері фотоконкурстың ережелері мен талаптарын таныстырып, байқаудың маңыздылығына тоқталды. Қатысушыларға конкурсқа қатысу тәртібі, жұмыстарды қабылдау мерзімі және бағалау критерийлері туралы жан-жақты ақпарат берілді.

            «Ауыл нақыштары» фотоконкурсына кәсіби фотографтармен қатар, әуесқой суретшілер де қатыса алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау – ауыл өмірінің көркем келбетін, табиғат сұлулығын, еңбек адамдарының күнделікті тіршілігін және ұлттық болмысты айшықтайтын бірегей алаң болмақ.

            Шара аясында фотографтармен пікір алмасу ұйымдастырылып, қатысушылар өз ұсыныстары мен ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, конкурс жеңімпаздарын марапаттау және үздік жұмыстарды көпшілік назарына ұсыну жоспарланып отырғаны айтылды.

            Алматы қаласы филиалы барлық шығармашыл азаматтарды «Ауыл нақыштары» фотоконкурсына белсенді қатысуға шақырады. Бұл жоба – ауылдың тыныс-тіршілігін, ұлттық мәдениетті және рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңызды бастама.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#фото
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мүгедектігі бар 90 мыңнан астам қазақстандық республикалық референдумда қолайлы жағдайда дауыс бере алады

Кеше 19:31

Референдум-2026: зағип жандар дауыс беру учаскелерінде жаңа Конституцияның аудио нұсқасына қол жеткізе алады

Кеше 19:30

Республикалық референдумға дайындық: мүгедектігі бар адамдар үшін учаскелердің қолжетімділігі қамтамасыз етіледі

Кеше 19:29

Қазақстандағы референдумды 38 елден және 11 халықаралық ұйымнан келген 359 байқаушы байқайтын болад

Кеше 19:28

 400-ге жуық адам Sirius Energy қаржы пирамидасының құрбаны болды

Кеше 17:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика