AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Ауыл әкімі болып кім сайлана алады?

Ауыл әкімі болып кім сайлана алады?

Билік 11.07.2021, 11:52 2,263
Ауыл әкімі болып кім сайлана алады?
Сурет: Тopobrazovanie.ru

Ең бірінші талап – кандидаттың 25 жасқа толуы.



Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ерлан Дауылбаев ауыл әкіміне кандидаттың сәйкестігін анықтау жұмысы қалай жүргізілетінін баяндады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz "Егемен Қазақстан" басылымына сілтеме жасап.



Оның айтуынша, кандидаттарға қойылатын бірнеше талап бар екен. Яғни кандидат ауылдық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауыл округі әкімі болып сайлану үшін Қазақстан азаматы «Сайлау туралы» Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс.




«Бірінші, кандидаттың 25 жасқа толғандығы. Екінші, заңда белгіленген тәртіппен танылған іс-әрекетке қабілеттілігі, соттылығының болмауы және сыбайлас жемқорлық қылмыс, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауының болмауы. Үшінші, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкестігін тиісті аудандық сайлау комиссиясы ұсынған құжаттар негізінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган анықтайды», – деді Ерлан Дауылбаев.




Бұдан бөлек, Ерлан Дауылбаев ауыл әкіміне кандидаттың сәйкестігін анықтау жұмысы қалай жүргізілетінін де баяндады. Оның айтуынша, аумақтық сайлау комиссиясы кандидат ұсынылғаннан кейін оның заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау процесіне дереу кіріседі.



«Бұл үшін азаматтығын анықтау мақсатында ішкі істер органдарына, заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығын, заңда белгіленген тәртіппен танылған сыбайлас жемқорлық қылмысының, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының болмауын прокуратура органдарынан, кандидаттардың мемлекеттік қызмет туралы заңның талаптарына сәйкес және осы лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін белгілеу тұрғысынан Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі өңірлік департаменттерге тиісті сұраулар жіберіледі. Жұмысқа тартылған жоғарыда аталған мемлекеттік органдар жедел тәртіппен деректердің тиісті деңгейде тексерілуін және нәтижелерінің аумақтық комиссияларға дереу ұсынылуын қамтамасыз етулері қажет», – деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#коронавирус #Вакцинация #окончание пандемии #подъем экономики #ауыл #әкім #сайлау #Қазақстан #выбор
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында жол апатынан үш жасөспірім қаза тапты

Бүгін 10:27

«Тұран» университетінде XV Turan Model United Nations 2026 конференциясы басталды

Бүгін 09:37

Сенбіде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Бүгін 09:30

Алматыда өткен KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам келді

Кеше 18:52

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Кеше 18:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика