AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Аумақтық қорғаныс жоспары осы саладағы негізгі құж...

Аумақтық қорғаныс жоспары осы саладағы негізгі құжатқа айналады

Әлеумет 16.04.2025, 16:51 979
Аумақтық қорғаныс жоспары осы саладағы негізгі құжатқа айналады
ҚР Мәжілісінің баспасөз қызметі

Заң жобасын екінші оқылымға дайындау барысында депутаттар бірқатар түзету енгізді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Атап айтқанда, аумақтық қорғаныстың мақсаты мен міндеттері, Үкіметтің, осы саладағы уәкілетті органның, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентіне бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың құзыреттері нақтыланды. Сонымен қатар Мәжіліс депутаттары заңды екі жаңа баппен толықтыруды ұсынды.

Бұл баптарда аумақтық қорғаныс іс-шаралары бекітіліп, Аумақтық қорғаныс жоспарын әзірлеу және бекіту тәртібі айқындалады. Мемлекеттің Қорғаныс жоспарының құрамдас бөлігі бола отырып, бұл жоспар аумақтық қорғанысты жүзеге асырудағы негізгі құжатқа айналмақ. Бұдан бөлек глоссарийге «аумақтық қорғаныс нысаны» ұғымы енгізілді. Мұндай нысандардың тізбесін бекіту құзыреті Үкімет пен жергілікті атқарушы органдарға жүктеледі.

Бұл тізімнің алдын ала бекітілуі Аумақтық қорғаныс жоспарында әскери және мемлекеттік маңызы бар нысандарды күзетуге тартылатын күштер мен құралдарды нақты белгілеу үшін қажет. Аумақтық қорғанысты жоспарлауға құқық қорғау органдары да қатысады. Олар өздеріне тиесілі аумақтық қорғаныс нысандарын күзету және қорғау міндеттерін атқарады.

Сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның тұжырымдамасына сәйкестендіру мақсатымен аумақтық қорғаныс саласында мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібі де белгіленетін болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#заң #аумақтық қорғаныс жоспары #нысан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда су үнемделетін алқаптар көлемі үш есеге жуық өсті

Бүгін 09:26

Тоқаев Путинге құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 09:18

Алматыда Қала күніне арналған іс-шараларға 1 млн-нан астам тұрғын мен қонақ қатысты

Бүгін 09:11

Қала күні: «Әнім сенсің, Алматы!» атты мерекелік концерті өтті

Кеше 20:06

ҮШІНШІ АЛТЫН! ЖОЛАМАН БИГАБЫЛ КАРАТЭДЕН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Кеше 17:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);