Ауғанстан қазақтары Димаштан көмек сұрады

Ауғанстан қазақтары Димаштан көмек сұрады Сурет: Gov.kz

Ауғанстанда тұратын қазақ диаспорасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Миграция бойынша жаһандық елшісі Димаш Құдайбергенге ресми үндеу жолдады, деп хабарлайды aqshamnews.kz altyn-orda.kz-ке сілтеме жасап.

Диаспора өкілдері Димаш Құдайбергеннің БҰҰ аясындағы мәртебесін тарихи отанға оралу мәселесін шешуге мүмкіндік деп бағалап отыр. Үндеуде Ауғанстанда шамамен 5 мыңға жуық қазақ тұратыны, олардың деректері мен қажетті құжаттары толық дайын екені айтылған.

Ауғанстан Қазақ мәдени орталығының төрағасы Асадолла Оймауыттың мәліметінше, көші-қон шектеулеріне байланысты Қазақстанға оралу мәселесі ұзақ уақыттан бері шешімін таппай келеді. Осыған байланысты диаспора өкілдері репатриациялық бағдарламаға қосуға және мәдени-гуманитарлық қолдау көрсетуге жәрдем сұраған.

Үндеу 2025 жылдың 25 желтоқсанында жолданған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
1
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:41

17:20

17:09

16:50

16:38

16:27

16:12

16:01

15:46

15:33

15:20

15:08

15:03

14:53

14:32

14:23

14:09

12:35

12:30

12:16

11:59

11:43

11:36

11:26

11:01