AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Әуезов ауданында жаңа қоғамдық алаң ашылды

Әуезов ауданында жаңа қоғамдық алаң ашылды

Барлығы 04.07.2025, 13:28 821 Сұлу
Әуезов ауданында жаңа қоғамдық алаң ашылды
Алматы әкімдігі

Алматының Әуезов ауданында Төле би көшесінен төмен орналасқан Момышұлы көшесіндегі бос жатқан жер демалатын, спортпен айналысып, серуендейтін жайлы кеңістікке айналды.

Бұл жұмыс «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы арқылы іске асқан.      

Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған пресс-тур кезінде, Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев 91 миллион теңге болатын бұл жоба аудан әкімдігінің қолдауымен қолға алынғанын айтты.  

«Біз мұнда жақсы жарықтандыру жүйесін жасадық. Кешкі, түнгі уақытта бұл жерде өте жарық болады енді. Кешке мұнда балалар да, басқа аудандағылар да үй-ішімен келеді. Біз қалада сирек кездесетін шағын архитектуралық формаларды орнаттық. Альпілік төбешік салдық, айналасына отыруға, демалуға болады. Мұнда секірмек те бар. Кешкісін адамдар кезекке тұрады оған», - деп айтты Абзал Егембердиев.

Бұрын бос жатқан аумақта қазір мыналар бар: 550 м² брусчатка, 600 м² көгалды алаң с автоматты суару жүйесі, 140 ағаш, 27 жарық бағаны мен 11 бейнебақылау камерасы, 12 орындық пен қоқыс жәшігі, толыққанды балалар алаңы құмсалғыш, сырғанақтар, батуттар, арқан жолақшасы мен шағын архитектуралық формалармен жабдықталған, спортпен шұғылдануға арналған воркаут-аймақ, амфитеатр, арка мен колонналары бар кіреберіс, сондай-ақ альпілік төбешіктер мен 3D қоршау.

«Бұл жерде біз шағын сахна жасадық, кешке балаларды жинап, интерактивті шаралар мен шағын концерттер өткіземіз. Бұл біздің жастарға өте пайдалы, олардың шығармашылық қабілетін дамытуға септігі тиеді. Осының бәрін аппаратурамен қамтамасыз етіп, концерт те өткіземіз енді», - деп атап өтті Әуезов ауданының әкімі.

Әуезов ауданы Алматыдағы ең тығыз қоныстанған аудан. Басқа аудандарда орташа есеппен 1 шаршы шақырымда 4 мың адам тұрса, Әуезов ауданында сонша жерде 13 мың адам тұрады. Сондықтан мұнда балалар алаңы мен жасыл аумақтар жетіспейді. Биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 30 жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның 24-і жаңа қоғамдық кеңістік, 6 жоба – аулаларды абаттандыруға арналған.

Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиевтің айтуынша, барлық жұмыс 2025 жылдың 1 қыркүйегіне дейін аяқталады. 

«Іске асқан әр жоба – тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған», - деп атап өтті Абзал Егембердиев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #аудан #Әуезов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);