конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ауа салқындатқыштарға сұраныс артты

Ауа салқындатқыштарға сұраныс артты

Әлеумет 25.06.2024, 15:30 779 dulatbekova
Ауа салқындатқыштарға сұраныс артты
Сурет: Konder.su

Нарықта желдеткіш пен ауа баптағыштар қымбаттаған. Себебі сұраныс бар жерде бағаның да шарықтайтыны белгілі.

Ауа баптағыштардың барлығы дерлік көрші Қытайда құрастырылады. Бренд үлгілері сан түрлі болғанымен, функционалдық тұрғыда бір-бірінен айтарлықтай айырмашылығы жоқ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Пәтеріңіз бен кеңсеңіздің кеңдігіне қарай жүйенің қуаттысын таңдап береді. Картина пішінді дизайнерлік үлгілеріне дейін бар. Бірақ олардың бағасы жарты млн теңгеден басталады. 

Темірлан Аринов, сатушы:

– Үйінде баласы немесе қариясы бар отбасылы адамдар жиі келеді. Қазір ыстық ауа райында тынысы тарылып жүрген азамат көп. Барлық клиенттің өтініші мен сұранысын тыңдап, өздеріне ыңғайлысын көрсетеміз. Көбі сапаға және дыбысының тыныштығына мән береді. 

Желдеткіш – қан қысымы жоғары жандарға таптырмас құрал. Өйткені олар жаз айларында көлеңкеден шыға алмай біраз әбігерге түседі. Бұл жағдайға атүсті қарауға болмайды. Себебі денсаулыққа, тіпті өмірге қауіп төндіреді. Тағы сырттан ішке терлеп кіру, артынша бірден кондиционер қосу немесе құрылғының ішкі сүзгішін уақтылы тазартпау – түрлі дертке әкелуі мүмкін. Мұны көпшілік біле бермейді. Бұл ретте дәрігерлер тұрғындарды күтініп жүруге шақырады. 

Розалия Латыпова, отоларинголог-дәрігер:

– Кеше кабинетіме 4 қыз келіп, кондиционер кесірінен суықтап қалғанын айтты. Жұтына алмай тамақтарын ұстап шағымданды. Тексере келе, оларға өзге адамнан ангина жұққаны анықталды. Бұл жерде кондиционердің қатысы шамалы. Оның суығына ауырып қала беретін адамдардың әдетте иммунитеті әлсіз келеді. Ағзасынан толық шыға қоймаған дертті желдеткіш қоздырып жіберетіні рас. Сондықтан сақтану керек. 

Кондиционерді тым ұзақ және дұрыс пайдаланбаған кезде ішіне шаң-тозаң жиналып, микробтар мен бактериялар пайда болады. Салдарынан фильтрі мен ішкі қабырғалары көгеріп кетеді. Мұндай кезде құрылғыны шұғыл сервистік орталықтарға тапсырған жөн екенін ескертеміз. Негізі тазарту және ішіндегі фрион сұйықтығын ауыстыру жылына бір мәрте жүргізілуі керек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#салқындтқыш #Ауа баптағыш #Сұраныс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Жуалы көшесінің бір бөлігінде уақытша көлік қозғалысы шектеледі

Кеше 16:00

Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды

Кеше 15:52

Алматыда «БЕС АСЫЛ» республикалық ұлттық өнер байқауы өтті

Кеше 15:49

Ғазиза Құдайберген: газет-журнал шығару үрдісі үзілмеуге тиіс

Кеше 10:02

«Медеу» бөгетінің аңызға айналған 842 сатысын 3 мыңға жуық адам бағындырды

27.06.2026
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);