AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Ауа райының бұзылуына байланысты елдің біраз өңірі...

Ауа райының бұзылуына байланысты елдің біраз өңірінде ескерту жарияланды

Өмір-өзен 18.01.2022, 14:39 1,309
Ауа райының бұзылуына байланысты елдің біраз өңірінде ескерту жарияланды
Сурет: Egemen.kz

9 өңірде ескерту жарияланды


«Қазгидромет» РМК 19 қаңтар күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Күндіз Алматы облысының таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақытта оңтүстігінде және шығысында тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.


Ақтөбе облысының орталығында және шығысында тұман болжанады. 19 қаңтар күні таңертең және күндіз Түркістан облысының батысында, таулы, тау бөктерлі аудандарында, 20 қаңтарда түнде таулы аумақта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Сондай-ақ тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарда күші таңертең және күндіз 23-28 м/с артады.


Шымкент қаласында таңертең және күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Кей уақытта тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 23 м/с жетуі ықтимал. Ақмола облысының оңтүстік жартысында тұман күтіледі.


Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде тұман күтіледі.


Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында тұман сақталады, күндіз облыстың оңтүстік жартысында көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың оңтүстік жартысында күші 15-20 м/с жетеді.


Қарағанды облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде тұман болжанады.


Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында тұман күтіледі.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #Ескерту #қолайсыздық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «WorldSkills Almaty – 2026» ауқымды кәсіби шеберлік чемпионаты басталды

Бүгін 18:14

Дархан Сатыбалды Айнабұлақтағы көріктендіру жұмыстарын тексерді

Бүгін 15:15

Нұрлан Байбазаров Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Бүгін 14:14

Ерболат Досаев Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылды

Бүгін 14:11

Серік Сәпиев тағы бір лауазымға ие болды

Бүгін 13:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика