Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Ауа райына байланысты еліміздің 7 облысында ескерт...

Ауа райына байланысты еліміздің 7 облысында ескерту жарияланды

Өмір-өзен 02.12.2021, 13:15 1,484
Ауа райына байланысты еліміздің 7 облысында ескерту жарияланды
Сурет: Qazaly.kz

Елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы болжанады


3 желтоқсанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болуы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Петропавлда ертең түнде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.


3 желтоқсанда Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түседі. 3 желтоқсанда Ақмола облысының шығыс жартысында жаяу боран соғады, көктайғақ болуы ықтимал. Облыстың батысында тұман түсуі мүмкін. Батыстан жел соғады, облыстың шығыс жартысында екпіні 15-20 м/с жетеді.


Көкшетау ертең батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. 3 желтоқсанда Түркістан облысының батысында, солтүстігінде шаңды дауыл соғуы ықтимал. Күндіз таулы аудандарда найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, таулы аудандарда екпіні 23 м/с болады.


Шымкентте ертең оңтүстік-батыстан, батыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады. Түркістан қаласында ертең түнде және таңертең шаңды дауыл соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін. 3 желтоқсанда Маңғыстау облысының солтүстігінде, батысында тұман түсуі мүмкін. Ақтау қаласында ертең түнде және таңертең тұман түседі. 3-5 желтоқсанда Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түсуі мүмкін.


3 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Оралда ертең көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #болжам #қолайсыздық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика