Ауа райына байланысты бірқатар өңірлерде ескерту жарияланды

Ауа райына байланысты бірқатар өңірлерде ескерту жарияланды Сурет: Platon.asia

Ертеңгі ауа райы болжамы қандай?


«Қазгидромет» РМК 11 желтоқсан күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Ақтөбе облысында күндіз облыстың оңтүстік-батысында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында және орталығында екпіні 15-20 м/с артады.


Маңғыстау облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында көктайғақ болады.


Түркістан облысының солтүстігінде тұман болжанады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз таулы аудандарда күші 15-20 м/с жетеді.


Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі.


Қарағанды облысының батысында, орталығында желдің екпіні 15-20 м/с артады.


Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың орталығында желдің күші 15-20 м/с құрайды.


Шығыс Қазақстан облысының орталығында, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, күндіз Жарма ауданында күші 23-28 м/с артады.


Алматы облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды. Алакөл көлдерінің ауданында екпіні 29 м/с және одан жоғары көтеріледі.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:26

16:49

16:23

15:56

15:09

14:40

14:17

13:18

12:44

12:08

11:44

11:12

10:40

10:00

00:14

23:33

23:15

19:28

18:05

17:32

16:55

16:23

15:48

15:14

14:47