«Қазгидромет» РМК 20 желтоқсанда ауа райына байланысты еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Алматы облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді. Областың басым бөлігінде көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыс бағыттан оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, областың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.
Алматыда күндіз көктайғақ болады.
Қостанай облысының басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында бұрқасын болады, облыстың солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Кей уақыттарда көктайғақ, облыстың солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, облыстың тау асуларында екпіні 23-28 м/с.
Шымкентте түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с.
Атырау облысының шығысында жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында көктайғақ, бұрқасын болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с.
Ақмола облысында бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Астанада кей уақыттарда жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Қарағанды облысының батысында кей уақыттарда қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында қар, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында қар жауады. Бұрқасын, облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын болады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, облыстың орталығында екпіні 23 м/с.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с.
Ұлытау облысының шығысында кей уақыттарда қар жауады, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Жетісу облысының таулы аудандарда қар жауады. Түнде облыстың батыс бөлігінде, күндіз таулы аудандарда жаяу бұрқасын жүреді. Күндіз көктайғақ болады.