Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Ауа райы болжамына байланысты еліміздің бірнеше об...

Ауа райы болжамына байланысты еліміздің бірнеше обылысында ескерту жарияланды

Өмір-өзен 04.11.2021, 12:40 1,350
Ауа райы болжамына байланысты еліміздің бірнеше обылысында ескерту жарияланды
Сурет: Mospravda.ru

Еліміздің біраз бөлігінде желдің екпіні күшейеді


«Қазидромет» РМК-сы Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.


Қазгиромет болжамына қарағанда, 5-6 қарашада түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. 5 қараша күні түнде облыстың оңтүстік-шығысында, күндіз тәулік бойы, 6 қараша күні өңірдің басым бөлігінде желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.


Петропавлда 5 қараша күні тәулік бойы, 6 қарашада оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші секундына 15-20 метрге жетеді.


5 қараша күні Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады.


Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында және оңтүстігінде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қызылордада 5 қараша күні жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. 5-6 қарашада Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, тау және тау бөктерлі аудандарында күші желдің секундына 15-20 метрге, 5 қарашада таулы аудандарда екпіні 23-28 м/с болады.


Шымкентте 5 қарашада шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. Түркістанда 5 қарашада шығыстан жел соғып, екпіні секунжына 15-20 метрге жетеді.


Күндіз 5 қараша күні Ақмола облысының солтүстігінде батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с болады. Көкшетауда 5 қарашада күндіз батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15 м/с-қа жетеді.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #болжам #Ескерту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика