AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Атышулы Қуат Хамитов Еркебұлан Тоқтарды жекпе-жекк...

Атышулы Қуат Хамитов Еркебұлан Тоқтарды жекпе-жекке шақырды: не белгілі?

Оқиға 11.11.2025, 17:52 637 Дина
Атышулы Қуат Хамитов Еркебұлан Тоқтарды жекпе-жекке шақырды: не белгілі?
instagram.com/kuat__khamitov/erkebulan_toktar/

Қуат Хамитов актер Еркебұлан Тоқтарға кәсіби бокс ережесімен жекпе-жек өткізуді ұсынды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Белгілі MMA файтері Қуат Хамитов әлеуметтік желіде актер Еркебұлан Тоқтарға кәсіби бокстан жекпе-жек өткізуді ресми түрде ұсынды. 37 жастағы спортшы мұндай кездесу Қазақстан боксы үшін жылдың ең шулы оқиғасына айналуы мүмкін екенін айтады.

Хамитовтың сөзінше, бұл бастаманы өзі көтерген, ал Тоқтар ұсыныстан бейхабар болған.

"Қазақстандағы промоутерлер ұйымдастыратын турнирлердің деңгейі көңіл көншітпейді. Шынайы шоу мен масштаб жоқ. Барлығы жасанды, бәрі өтірік секілді… Ал нағыз қызық кездесу – менің және Еркебұлан Тоқтардың арасындағы айқас болмақ! Мұндай жекпе-жек еліміздегі ең үлкен оқиғаға айналары сөзсіз", – деді Қуат Хамитов.

Тоқтардың жауабы ұзақ күттірмеді

Актер Еркебұлан Тоқтар Хамитовтың ұсынысына видео арқылы жауап беріп, жекпе-жекке келісетінін, тіпті ықтимал күн ретінде өз туған күні 29 желтоқсанды атады.

"Мен бала кезде сенің фанатың болдым. Енді сен маған шақыру жолдап отырсың. Жекпе-жек болады. Иә, дауы да үлкен болады. Бірақ құлау да үлкен болады", - деді актер.

Еркебұлан Тоқтар поп-MMA арқылы танылып, кейін кәсіби деңгейде өнер көрсете бастаған. Topology дерегі бойынша оның рекорды — 11–3. Ал Хамитовтың тәжірибесі әлдеқайда мол — 27–8–2, сонымен қатар ол бокс рингінде де жеңіске жеткен.

Хамитов: «Тоқтардың боксы кейбір MMA спортшыларынан мықты»

Қуат бұл жекпе-жекті өзінің кәсіби MMA мансабына кедергі болмайтынын айтты. 23 қазанда ол Absolute Championship Akhmat (ACA) ұйымындағы дебютінде жеңіске жеткен.

"АСА-да өнер көрсетуді жалғастырамын. Келесі жылы қайта оралғым келеді. Қазір формамды жоғалтпау үшін бокс немесе көрсетілімдік жекпе-жектерде өнер көрсете беремін", — деді спортшы.

Жекпе-жектің нақты өтетін уақыты әзірге белгісіз. Ұйымдастырушылар тарапынан да ресми мәлімет жарияланған жоқ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қуат Хамитов #Еркебұлан Тоқтар #төбелес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дербес деректерді қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті күшейту

Бүгін 19:27

Педагогтердің біліктілігін жүйелі арттыру және жасанды интеллект құзыреттерін дамыту

Бүгін 19:25

Жасанды интеллект педагогті қолдайтын құралы ретінде

Бүгін 19:21

Білім беруде жасанды интеллектті қолданудың бірыңғай стандарттарын енгізу

Бүгін 19:19

Шағын жинақты ауыл мектептеріне ерекше назар

Бүгін 19:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);