Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Атырау облысында үш айда мың жарым тоннадай балық...

Атырау облысында үш айда мың жарым тоннадай балық қырылған

Әлеумет 05.07.2022, 08:02 1,171
Атырау облысында үш айда мың жарым тоннадай балық қырылған
Inform.kz

Атырау облысының су айдындарында үш айда 1 493 тонна балық қырылған, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Облыстық балық шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, сәуір-маусым аралығында Безымянный мен Алмағамбет көлінде балықтың қырылғаны тіркелген.


«Былтыр өңірдің су айдындарында 12 тонна 408 келі балық өлгені анықталып еді. Ал, биыл Атырау қаласы мен аудандарда балықтардың жаппай қырылуының алдын алу бағытында нақты жұмыстар атқарылды. Соның нәтижесінде балықтың қырылу дерегі өткен жылғы көрсеткіштен 80 пайызға дейін төмендеді. Биыл Безымянный көлінде 65 тонна, ал, Алмағамбет көлінде 1 428 тонна өлі балық тіркелді», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Биылғы 26 сәуірде Атырау қалалық әкімдігіне қарасты Қайыршақты ауылдық округіндегі Безымянный көлінде 65 тонна қаракөз балығының қырылғаны анықталды. Осыған орай Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының инспекторлары қайраңға шығып қалған балықтарды құтқару жұмысын жүргізді.


Облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлының айтуынша, көктемде балықтар уылдырық шашу үшін қолайлы өріске шыққан. Осындай себеппен Безымянный көлінде қырылған балық канал аузына келіп тіреліп қалған. Көлден қаракөз балығының 65 келі өлі шабағы жиналған.


«Осыған байланысты балықтардың уылдырық шашу орнына еркін кіруі үшін Қайыршақты округінің аумағында 800 метр канал қазылды. Каналдың тереңдігі – шамамен 1 метр. Мамандар өлген балықты жинап алды. Өлген балық санитарлық талаптарға сәйкес көму жолымен жойылды. Тірі балықтар сүзіліп, Жайық өзеніне жіберілді», -дейді Артур Сәдібекұлы.

Оның айтуынша, Махамбет ауданындағы Алмағамбет көлінде 10 жылдан бері су болмаған. Биыл Жайық өзенінен аталған көлге су шыққан.


«Он жыл бойы судың келмеуі бұл көлде жыңғылдың өсуіне себеп болды. Биыл көлге су келді. Көлге сумен бірге келген балық жыңғылдың арасында қалып қойып, кері орала алмаған. Оттегінің жетіспеушілігінен қырылған», - деді Артур Сәдібекұлы.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Атырау #балық #Экология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Бүгін 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Бүгін 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Бүгін 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Бүгін 17:11

Тоқаев Оман халқына тілектес екенін жеткізді

Бүгін 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі