AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Атақты британдық хореограф Абай театрында шеберлік...

Атақты британдық хореограф Абай театрында шеберлік сабақтарын өткізді

Мәдени Алматы 14.10.2024, 10:50 1,797 Bakyt
Атақты британдық хореограф Абай театрында шеберлік сабақтарын өткізді
Қазақ ұлттық опера және балет театрының баспасөз қызметі
 

Британия империясы орденінің кавалері, әлемге әйгілі биші әрі хореограф Акрам Хан Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының балет труппасына бірнеше күн бойы шеберлік сабақтарын өткізді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

18 жасында өзінің қойылымдарымен би әлеміне жаңа серпін берген шебер, қара шаңырақ әртістерінің сезім тілі – би тілін тереңдетуге ықпал етті.

Абай атындағы театрдың балет труппасы үшін Акрам Ханның заманауи хореография стилімен, сезімдер мен эмоцияларды би арқылы жеткізу әдістерімен танысу маңызды болды. Екі аптаға созылған шеберлік сабақтар табысты өтті. Британдық хореограф Абай театры әртістерінің биге деген көзқарасын, педагогтарының ашықтығын ерекше атап өтті.

– Маған балет труппасының педагогтары өте ұнады. Олар мені жылы қарсы алып, тәнім арқылы сұрақ қоюға мүмкіндік берді. Менің мақсатым басқа елге келіп, өз ережемді енгізу емес, сол елдің бишілері арқылы өзімді тану. Классикалық балет әртісі болса да, оның денесі мен қимылы ұлттық мәдениеттің ерекшеліктерін көрсететін тірі қазына іспетті. Сондықтан маған олардың биге деген көзқарасы ұнады. Мен үшін ең маңыздысы – балет труппасының биіндегі рухты сезіну, – дейді қоюшы, биші әрі хореограф Акрам Хан.

Акрам Хан әлемді көп аралап, жұмыс істеген әртістердің арасынан өз компаниясына шақыратын таланттарды іріктейді. Ол Абай атындағы опера және балет театрының кейбір балет әртістерін де жоғары бағалағанын жасырмады. Хореограф Қазақстанға алғаш рет келгенін және алдағы жоспарлары уақыт өте анықталатынын айтты.

Түп тамыры мұсылманнан шыққан әйгілі биші үшін Қазақстанның қасиетті жері – Түркістанға, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне бару маңызды болды. Осы орайда Абай театрының басшылығы оған арнайы сапар ұйымдастырды.

– Мен мұсылман отбасында дүниеге келгендіктен, Қазақстанмен ерекше байланыс сезінемін. Анам рухани тұрғыда терең адам еді, сол байлықты мен Қазақстаннан – мәдениетке деген рухани көзқарастан таптым. Бидегі руханиятты сөзбен жеткізу мүмкін емес, ол – би емес. Би – қозғалыс қана, бірақ сол қозғалысқа дейінгі сәт, сол үзіліс – сенің айтар сөзің, тілің. Әлемде тілдің көп түрі бар, ал бидің тілдері одан да мол. Мен үшін ең қызықтысы – дене тілінің өзі емес, сол тілдің арасындағы үзіліс, қозғалыстар арасындағы тыныштық. Сол кезде сен өзіңнің қалай қимылдағаныңды сезінесің – рухани құндылық дегеніміз сол, – дейді Акрам Хан.

Әлемде танымал және жоғары сұранысқа ие, барлық өнер ордасымен жұмыс істей бермейтін креативті хореографтың «Арыстандар ұйықтап жатқанда» («Until the Lions»), «Kaash», «iTMOi», «DESH», «Тіке жол» («Vertical Road»), «Білім» («Gnosis») және «Нөл белгісі» («Zero Degrees») сияқты қойылымдары бар. Ол Англияның Ұлттық балетімен, Қытайдың Ұлттық балетімен, атақты балерина Сильви Гиллеммен және Джульет Бинош, Кайли Миноуг секілді әлемдік жұлдыздармен жұмыс істеген. Акрам Ханның қоржынында Лоуренс Оливье сыйлығы, ISPA, Фред және Адель Астер сияқты көптеген марапаттар бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Акрам Хан #балет #хореограф
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

BilimClass электрондық журналы 25 мамырға орай ерекше науқан бастады

Бүгін 14:43

Енді несие беру табысқа қарай шектелуі мүмкін

Бүгін 14:10

Алматыда журналистердің арасында үстел теннисінен жарыс өтті

Бүгін 14:08

Алматыда алғашқы түнгі Almaty Glow Ride велошеруі өтеді

Бүгін 13:12

Қазақстандықтардың автонесиеге қызығушылығы төмендеді

Бүгін 12:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);