Актриса саналы таңдау жасаудың және әрбір азаматтың ел болашағы алдындағы жауапкершілігінің маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Бүгін Алматыдағы №182 сайлау учаскесінде актриса, «Парасат» орденінің иегері, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты Қаракөз Тілеубекова дауыс берді.
Актриса саналы таңдау жасаудың және әрбір азаматтың ел болашағы алдындағы жауапкершілігінің маңыздылығын атап өтті.
«Сайлауға қатысу – әр азаматтың құқығы ғана емес, сонымен қатар жауапкершілігі. Шет қалмай, азаматтық ұстанымымызды білдіріп, саналы түрде таңдау жасау маңызды. Өйткені мемлекетіміздің болашағы осындай шешімдерден қалыптасады», – деді Қаракөз Тілеубекова.
Еске сала кетейік, Алматы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауына 168 кандидат тіркелген. Оның 109-ы партиялық тізім бойынша, ал 59-ы бірмандатты сайлау округтері бойынша ұсынылған.
Қалада 670 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның 41-інде бір күндік тіркеу қызметі қолжетімді.
Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.