Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Астрофизик: Айға қайта оралу – ғылым үшін жаңа кез...

Астрофизик: Айға қайта оралу – ғылым үшін жаңа кезең 

Білім және ғылым Бүгін 12:01 43
Астрофизик: Айға қайта оралу – ғылым үшін жаңа кезең 
интернет

«Артемис» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан зерттеулер ғарыш ғылымындағы жаңа кезеңнің басталғанын көрсетеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Адамзат Айға қайта оралу дәуіріне қадам басты. Бұл туралы Назарбаев университетінің оқытушысы, астрофизик Бекдәулет Шүкірғалиев айтты.

«Артемис» бағдарламасы аясында төрт астронавт Айдың арғы бетін зерттеп, суретке түсіру үшін жіберілген болатын.

Ғалымның айтуынша, мұндағы миссиялардың басты мақсаты – Ай бетінде болып жатқан табиғи процестерді тереңірек түсіну.

Негізгі ғылыми бағыттардың бірі – Ай бетіне түсетін соққыларды зерттеу. Яғни, әртүрлі аспан денелері Айға қаншалықты жиі құлайды және олардың әсері қандай – осы сұрақтарға жауап ізделуде, - дейді ғалым.

Оның сөзінше, бұл зерттеулер тек Айды ғана емес, жалпы Күн жүйесіндегі процестерді түсінуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ ғалым адамзаттың Айға қайта бет бұруын тарихи оқиға деп бағалайды.

Бұған дейін «Аполлон» бағдарламасы арқылы америкалықтар Ай бетіне қонған. Кейін бұл бағыттағы жұмыстар ұзақ уақыт тоқтап қалды. Қазір бұл зерттеулер қайта жанданып отыр. Бұл – ғарыш саласындағы үлкен серпіліс, - дейді ол.

Бекдәулет Шүкірғалиев Қазақстанда да Айды зерттеуге қатысты жобалар бар екенін атап өтті.

Қазіргі таңда Физика-астрономия институты мен ғылыми ұйымдар Айды айналып жүретін телескоп жобасын әзірлеуде. Егер бұл бағдарлама алдағы онжылдықта іске асса, Қазақстан үшін жаңа ғылыми мүмкіндік ашылады, - дейді астрофизик.

Оның айтуынша, мұндай жобалар елдің ғылыми әлеуетін арттырып, халықаралық деңгейдегі зерттеулерге жол ашады.

Айта кетейік, NASA жүзеге асырып жатқан Artemis II миссиясында Жерге қайта оралу кезеңі ең қауіпті сәттердің бірі саналатынын жазған едік.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ғарыш
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астрономияны білсеңіз, астрологияға сенбейсіз – астрофизик пікірі

Бүгін 11:56

Қазақстанда ғалым қанша табыс табады?

Бүгін 11:52

2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды

Бүгін 11:44

Адамды адам етіп қалыптастыру: Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?

Бүгін 11:41

Ғылыми мүмкіндіктер әлеуеті

Бүгін 11:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика