Астанадағы алаңнан экс-президенттің суреттерін алып тастапты

Астанадағы алаңнан экс-президенттің суреттерін алып тастапты 2gis.kz

Жуырда тұрғындар суреттердің алаңнан жоғалып кеткенін байқаған.

Астанада әкімдік аумағындағы алаңнан Нұрсұлтан Назарбаевтың суреттері бар стендтер алып тасталды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бұрын бұл жерде экс-президенттің әртүрлі жылдағы суреттері бар стендтер тұрған еді. 

Сарыарқа ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, Керей, Жәнібек хандар алаңында абаттандыру және елорда тұрғындары мен қонақтарының жайлылығын арттыру үшін жоспарлы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары басталған.

"Жөндеу жұмыстары аясында плакаттары бар құрылымдар бөлшектеледі. Оның орнына көпжылдық гүлзарлар пайда болады, бұл аумақтың экологиясы мен эстетикасын жақсартуға ықпал етеді. Сондай-ақ, жобада қосымша жарықтандыру тіректерін орнату, көше жиһаздарын жаңарту және үйлесімді ландшафт дизайнын жасау көзделген", - деді әкімдіктегілер.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
1
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21

15:17