конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Астанада су үнемдеу саласында оқушылардың зерттеул...

Астанада су үнемдеу саласында оқушылардың зерттеулері мен жобаларына арналған AQUA LAB зертханасы таныстырылды

Әлеумет Бүгін 09:34 72
Астанада су үнемдеу саласында оқушылардың зерттеулері мен жобаларына арналған AQUA LAB зертханасы таныстырылды

Жобаға Су ресурстары және ирригация министрлігі бастама жасаған, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Оны «Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы» КЕАҚ Оқу-ағарту министрлігі және Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп жүзеге асырып жатыр. Жобаға «Chevron» және «Coca-Cola» компаниялары, «Caravan of Knowledge» корпоративтік қоры және «TANYM» көпфункционалды кешені серіктес ретінде қатысуда. Семинарға елорданың 20 тірек мектебі директорының тәрбие жұмысы және бейіндік оқыту жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Зертханада оқушылар зерттеулер мен тәжірибелер жүргізіп, STEAM-жобалар әзірлейді және су үнемдеу саласындағы өз шешімдерін сынақтан өткізеді.

Зертхананың әдістемелік негізі «Су және білім» жобасы аясында әзірленген «Су сандығы» ресурсы болады. Жоба барысында су саласындағы білім беру мен ағарту бағытындағы озық тәжірибелер жинақталды. Жоба Француз даму агенттігінің (AFD), Халықаралық Аралды құтқару қорының (ХАҚҚ) және ЮНИСЕФ-тің қолдауына ие болды.

«Оқушылардың су туралы білім алып қана қоймай, оны іс жүзінде қолдана алуы маңызды. Яғни зерттеу жүргізіп, тәжірибе жасап, өз шешімдерін ұсына білуі керек. «Су сандығы» мен AQUA LAB бірін-бірі толықтырады: ресурс педагогтерге әдістемелік құралдар ұсынса, зертхана оқушылардың практикалық жұмыс жүргізуіне мүмкіндік береді», – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев.

Семинар қорытындысы бойынша білім беру тәжірибелерін сынақтан өткізуге, сондай-ақ бірлескен зерттеу және экологиялық жобаларды жүзеге асыруға қатысатын елордалық мектептердің пулын жасау жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Су ресурстары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлерінде жаңа өндірістер, инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандар ашылды

Бүгін 10:29

ЖИ инфрақұрылымын дамыту саласындағы ынтымақтастық жайы талқыланды

Бүгін 10:05

Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді

Бүгін 09:31

Өткен тәулікте Алматыда 1 699 рет жол ережесі бұзылған

Бүгін 09:05

Шәкірттері беделді халықаралық жарыста топ жарған ұстаздар мен тәлімгерлер жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталды

Бүгін 09:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);