Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Астанада «Қазақ даласы – Жеңістің алтын бесігі» ат...

Астанада «Қазақ даласы – Жеңістің алтын бесігі» атты мерекелік концерт өтті

Билік 07.05.2025, 12:18 726
Астанада «Қазақ даласы – Жеңістің алтын бесігі» атты мерекелік концерт өтті
Алматы ақшамы

Бейбітшілік және келісім сарайында Отан қорғаушы күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған концерт өтті.
Іс-шараға тыл еңбеккерлері, Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың ардагерлері мен әскери қызметшілері, сондай-ақ Премьер-министр Олжас Бектенов, Мемлекеттік Кеңесші Ерлан Қарин, қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов қатысты.

Белгілі қазақстандық мәдениет қайраткерлері, жетекші әртістер, оркестрлік, хор және би ұжымдары әскери қызметшілерге, Қарулы күштердің ардагерлеріне, әскери колледж бен «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілеріне арнап паториоттық композициялар мен соғыс жылдарындағы әндерді орындады.

Эстрадалық-симфониялық оркестр мен фольклорлық-этнографиялық ансамбльдің орындауында Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауы» күйі орындалды. Біріккен шығармашылық ұжым ұлы дала әуендері мен оркестрлік музыканың күшін біріктіре отырып, ұлы композитордың дүниетанымын шебер жеткізе білді.

Жоңғар шапқыншылығының ауыр кезеңіндегі қазақ халқының басына төнген қауіп-қатер, азап-қиыншылықты, боскан елдің мұң-зарын толғайтын тарихи сазды «Елім-ай» орындалды.

«Соғыс хаттары» мизансценасында Әлия есімді бойжеткен Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұловаға үндеу жолдау арқылы тақырыптың идеялық мазмұнын бейнелі түрде көрсете білді. Көңіл толқытарлық көрініс «Әлия» әнінің орындалуымен аяқталды.

«Жас қазақ», Журавли», «Тальяночка», «Три танкиста», «Яблочко», «Эх, дороги», «Синий платочек», «Катюша», «Ехал я из Берлина» және «Майский вальс» әндерін көрермен жылы қабылдады.

Солистер мен вокалдық топтардың, сондай-ақ, хор ұжымдарының орындауында әскери-патриоттық тақырыптағы «Қарулы күштер», «Ғасырлар үні», «Ұмытпаймыз», «Мен қазақ», «Қазақстан – байтақ дала», «Сауыт» және «Атамекен» әндері шырқалды.
Концертті К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің домбырашылары мен солистері «Жеңіс күні» және «Атамекен» әндерімен қорытындылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Концерт #Әскери #Әскери-патриоттық тәрбие
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика