Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Астанада және Қазақстанның 16 облысында дауылды ес...

Астанада және Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Өмір-өзен 04.01.2025, 10:21 768
Астанада және Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды
Polisia.kz.

Қаңтардың 4-не арналған ауа райы болжамы

Астанада кей жерлерде көктайғақ болып, тұман түседі. Түнде оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Абай облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа бұрылады, батыста, солтүстікте, облыс орталығында екпіні - 15-20, түнде - 25 м/с.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында және орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аймақтарында кей жерлерде тұман түседі.

Таңертең және күндіз Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні - 15-20, түнде - 23 м/с.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман күтіледі. 5 қаңтарда облыстың таулы аймақтарында көктайғақ болады. 4-5 қаңтарда жел солтүстік-шығыстан соғып, оңтүстік-батысқа ауысады, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, облыстың таулы аймақтарында екпіні - 15-20 м/с.

Солтүстікте, Жетісу облысының таулы аймақтарында кей жерлерде тұман күтіледі. Алакөл аймағында күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, күндіз оңтүстік-батыстан соғатын жел облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с.

Қарағанды облысында тұман түседі.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Облыстың солтүстігі мен шығысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с.

Қызылорда облысының батысында, шығысында және орталығында тұман түседі.

Маңғыстау облысының батысында және солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде және шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Батыста, облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші - 15-20, түнде кей жерлерде - 23 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және батысында қар жауып, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында және солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші - 15-20 м/с, түнде облыстың оңтүстігі мен батысында екпіні - 23-28 м/с.

Күндіз оңтүстікте, Түркістан облысының таулы аймақтарында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың таулы аймақтарында екпіні - 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында кей жерлерде тұман күтіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Рудныйдағы мұз қалашығы нөлден жоғары температура салдарынан ери бастағаны туралы жазған едік.

 https://kaz.inform.kz/news/kazakstannin-basim-bolgnde-koktaygak-bolip-tuman-tused-7d8434/

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #болжам #Ескерту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та Трамп саясатына қарсы «No Kings» шеруі өтті

Бүгін 15:32

Түркістанда айыппұл алғанына ашуланған екі ер адам камераларды тас-талқан еткен

Бүгін 14:24

Қазақстанға Қызыл кітапқа енген төрт Амур жолбарысы әкелінеді

Бүгін 12:11

Данияр Шамшаев Хорватиядағы Еуропа кубогында чемпион атанды

Бүгін 11:34

“Қайрат” Санкт-Петербургте “Зениттен” жеңілді

Бүгін 10:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика