AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Астанада «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздары мара...

Астанада «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Әлеумет 07.12.2022, 08:48 1,237
Астанада «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Сурет: Gov.kz

Жеңімпаздарына ақшалай сертификаттар табысталды.


Астанада «Еңбек жолы» республикалық байқауының жеңімпаздары мен еңбек ардагерлерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz7



«Аталмыш конкурс жыл сайын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылады. Еңбек адамдарының жұмысын насихаттау мақсатында «Үздік еңбек әулеті», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» және «Өндірістің үздік жас маманы» атты номинациялары бойынша марапатталады», - делінген министрліктің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Марапаттау рәсімі алдында ашық талқылау сессиясы өтіп, шара барысында Қазақстанның Еңбек Ері атағының иегерлері Серік Ақшолақов, Аягүл Миразова мен Рышат Амреновтар еліміздің әр өңірінен келген жастарға еңбек тәжірибелерімен бөлісіп, сұрақтарына жауап берді.


Тамара Дүйсенова салтанатты шараның ашылуында еңбек адамдарының мемлекет пен қоғамның дамуына қосып жатқан үлестерін ерекше атап өтті.


Министр «Еңбек ардагері» медальдарын еңбек ардагерлері Жанаргүл Магуловаға, Кабдулман Имамбековке және Күнімбала Баяхметбаеваға тапсырды.


Биыл «Еңбек жолы» конкурсына үміткерлерден өтінімдерді қабылдау 1 сәуірден басталды. «Үздік еңбек әулеті» номинациясына 163 өтінім, «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясына 179 өтінім, ал «Өндірістің үздік жас маманы» номинациясына 180 өтінім келіп түсті.


Конкурстың лауреаттары республикалық комиссияның отырысында жарыстың аймақтық кезеңінде жеңімпаз атанғандардан іріктелді. Комиссия құрамына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері, ҚР Парламент депутаттары, әлеуметтік серіктестер, «Атамекен» ҰҚП мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ өкілдері кірді.


«Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша Абай облысының Тукубаевтар әулеті жеңімпаз атанды. Екінші орынды Шығыс Қазақстан облысының Ковалевтар әулеті, ал үшінші орынды ұлытаулық Бекмағанбетовтар әулеті қанжығасына байлады.


"Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері" аталымын Алматыдан келген Людмила Хвостова иеленсе, екінші және үшінші орынды Ерғазы Тұрлыбеков (Қарағанды облысы) пен Жұмабай Абдулов (Атырау облысы) алды.


"Өндірістің үздік жас мамандары" атағын Павлодар облысынан Наурызбек Дакен (1-орын), Алматы облысынан Сұлтан Әукен (2-орын) және Ақмола облысынан Нұрқасым Байшуақов (3-орын) иеленді.


Конкурс жеңімпаздарына ақшалай сертификаттар табысталды: 1 орынға – 1 млн теңге, 2 орынға – 500 мың теңге және 3 орынға – 300 мың теңге.


ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2016 жылдан бері еңбек әулеттері мен өндіріс жұмысшыларының арасында «Еңбек жолы» республикалық конкурсын ұйымдастыруда. Оның басты міндеті – еңбек адамдары жайлы оң қоғамдық пікір қалыптастыру және кәсіпорындар мен мекемелерде жаңа еңбек әулеттерінің қалыптасуына жағдай жасау.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#байқау #еңбек #астана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының мәдениет күндері аясында Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті

Кеше 22:37

Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кеше 22:34

Қазақстандық ғалым алғашқы болып Майкл Фуллан сыйлығын алды

Кеше 19:18

Футболдан Бірінші лигада «Шахтер» ірі жеңіске жетті

Кеше 19:12

Атыраулық спортшы паражүзуден Қазақстан чемпионатында үш алтын жеңіп алды

Кеше 19:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика