AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Астанада базар өртенді: зардап шеккендер жоқ

Астанада базар өртенді: зардап шеккендер жоқ

Оқиға 06.11.2025, 09:01 586 Дина
Астанада базар өртенді: зардап шеккендер жоқ
сурет: ТЖМ

Астанадағы көтерме және бөлшек сауда базарында өрт шығып, оқиға орнына өрт сөндірушілер жетті, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, өрт Сарыарқа ауданында, Ы. Дүкенұлы көшесінде орналасқан базарда болған. Нақтырақ айтқанда, ангар типіндегі бір қабатты ғимараттағы екі бутиктен өрт шыққан.

«Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Өрт сөндіру оқпандары енгізіліп, үздіксіз су беру қамтамасыз етілді», – делінген хабарламада.

Министрлік өкілдері өрт сөндіру жұмыстарын күрделендірген бірнеше себепті атап өтті: өрт сөндірушілер келген кезде жалынның қарқынды таралуы, ғимарат құрылымының ерекшелігі, жоғары өрт жүктемесі және қатты түтіндеу жағдайы. Құтқарушылар ғимаратты толық тексеріп шықты, өрт шыққан сәтте ішінде адамдар болмаған.

«Өрт сөндірушілер жалынның таралу қаупін жойып, ашық жануды тоқтатты. Қазіргі уақытта толық сөндіру жұмыстары аяқталды», – деп хабарлады ТЖМ.

Ресми мәлімет бойынша, өрт 08:47-де толық сөндірілді.
Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Базар #астана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жексенбіде Қазақстанның үш қаласында ауа райы қандай?

Бүгін 11:49

Қазақстандық спортшы әлем кубогының суперфиналында тұғырға көтерілді

Бүгін 11:15

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Кеше 18:20

Алматыда Орталық Азиядағы ең биік таулы падел алаңы ашылды

Кеше 18:02

Алматыда заңсыз салынған «Береке» базары сүрілді

Кеше 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);