AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Астанада 10 адамды алдап, 7,7 млн теңгесін қағып а...

Астанада 10 адамды алдап, 7,7 млн теңгесін қағып алған алаяққа үкім шықты

Әлеумет 24.02.2026, 14:41 224 Дина
Астанада 10 адамды алдап, 7,7 млн теңгесін қағып алған алаяққа үкім шықты
depositphotos.com

Астанада әлеуметтік желі арқылы адамдарды алдаған азаматшаға қатысты сот үкімі шықты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қалалық прокуратураның мәліметінше, сотта ақпараттық жүйелерді пайдаланып, бірнеше рет алаяқтық жасаған тұрғынға қатысты мемлекеттік айыптау толық дәлелденген. Тергеу деректеріне сай, ол Instagram желісінде “тиімді инвестиция”, “арзан туристік жолдама” және шетелде жұмысқа орналастыру туралы жалған хабарландырулар жариялаған. Азаматтардың сеніміне кіріп, ақша алып, кейін уәде еткен қызметтерін орындамаған және қаражатты өз қажеттілігіне жұмсаған.

Нәтижесінде 10 адам зардап шегіп, келтірілген материалдық шығын 7,7 млн теңгеден асқан.

Сот үкімімен кінәлі азаматша 6 жылға бас бостандығынан айырылды, жәбірленушілердің азаматтық талап-арыздары қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енді.

Прокуратура тұрғындарды әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде сақ болуға, интернеттегі “жеңіл табыс”, арзан тур мен инвестиция туралы күмәнді ұсыныстарға сенбеуге, онлайн қызмет ұсынатын тұлғаларды мұқият тексеруге және алаяқтық белгілері байқалса, дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

Бүгін 19:35

Алматыға Шанхай ғылым және технологиялар колледжі делегациясы келеді

Бүгін 18:42

Алматының ажары

Бүгін 18:12

Алматылық Камиля Досмалова пара таэквондодан Азия чемпионы атанды

Бүгін 16:51

Алматы тұрғындары «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына қатысты

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);