конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / «Астана Балет» театрының Швейцарияға гастрольдік с...

«Астана Балет» театрының Швейцарияға гастрольдік сапары басталды

Мәдениет 15.12.2023, 11:29 1,423
«Астана Балет» театрының Швейцарияға гастрольдік сапары басталды
Сурет: gov.kz

Бүгін Швейцарияда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Астана Балет» театрының гастрольдері басталды.


Астаналық ұжым Женеваның Batiment des Forces Motrices мәдениет орталығында үш күн бойы ұлттық және заманауи хореографияның үздік туындылары  А.Алонсоның «Кармен-сюита» балеті, «Тағдыр бұлтарыстары» авторлық спектаклі мен «Ұлы Дала мұрасы» гала-концертін көрермен назарына ұсынады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.



«Менің ойымша, кез-келген гастроль – тәжірибе алмасу, мәдени дәстүрді паш ету. Осы тұрғыдан алғанда Женева біз үшін жаңа қала. Біз көрсететін спектакльдер, сөз жоқ, озық қойылымдар. Женева көрермені де бұл туындыларды зор ілтипатпен қабыл аларына үміттіміз», - деген ойымен театр директоры Александр Совостьянов бөлісті.



Көрерменге Жорж Бизе-Радион Щедрин музыкасына А.Алонсо қойған «Кармен-сюита» балеті көрсетіледі. Бұл – ХХ ғасыр балет өнерінің озық үлгісі. Хореографиялық өнердің жанкүйерлері «Астана Балет» театрының бас балетмейстері Мукарам Абубахриева Карина Абдуллинаның музыкасына қойған «Тағдыр бұлтарыстары» мистикалық спектаклін тамашалай алады.


Сондай-ақ, өнер сүйер қауымға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Тәти мен Мукарам Абубахриева туындыларынан құралған «Ұлы Дала мұрасы» гала-концерті көрсетіледі. Ұлттық болмысымызды би тілімен жеткізетін этнографиялық және бейнелік нақышқа бай туынды театрымызды әйгілеп тұрған дүниеге айналып, Еуропа мен Американың талай көрерменін тамсандырған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#театр #гастроль #сапар #мәдениет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Өзбекәлі Жәнібек кесенесінде реставрация жұмыстары жалғасып жатыр

Бүгін 18:00

Қайтарылған активтер: Ақтөбе облысындағы су құбыры желілерінің құрылысына 5 млрд теңге бөлінді

Бүгін 17:36

Алматыда екі күн ішінде 3,3 мыңнан астам жүргізуші Жол қозғалысы қағидаларын бұзды

Бүгін 17:24

Қазақстанда алкогольсіз сусындар өндірісі 17%-ға артты

Бүгін 17:18

Атыраулық полицей тұрғындарды өрттен құтқарды

Бүгін 17:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);