Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / «Астана Балет» театры Дубайда өнер көрсетті

«Астана Балет» театры Дубайда өнер көрсетті

Мәдениет 03.11.2021, 07:50 1,259
«Астана Балет» театры Дубайда өнер көрсетті
Сурет: 24.kz

«Астана Балет» театрының Дубайдағы гастрольдік сапарының шымылдығы жабылды


Астаналық театр қазан айының 27-30 күндері Дубай опера сахнасында өнер көрсетіп, көрермен қауымның ықыласына бөленді. Гастрольдік бағдарламаны, әртістердің кәсіби шеберлігін жоғары бағалаған көрермен зор қошеметін білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Біз Дубайда өнер көрсетіп, көрермен қауым ілтипат танытып, қошеметін білдірді. Көрермен залында бос орын болмады. Көптен бері осы өңірде өнер көрсетуге талпынғанымыз рас, енді БАӘ жиі келеміз деген үміттеміз. 9 жыл ішінде жинақталған театр репертуары Біріккен Араб Әмірліктері тұрғындарының қызығушылығын оятып, мәдениеттердің тоғысуы, әлдебір рухани үндестікке ұласарына сенімдіміз. Әртістерге, осы турды ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз. Осы сахнада әлі талай өнер көрсетеміз. Бұған сенім мол», ­– деді «Астана Балет» театрының директоры Александр Совостьянов.



Талғамы биік өнерсүйер қауымның назарына Шығыстың ғажайып сұлулығын паш ететін хореографиялық туындылар тарту етілді: аңызға айналған «Махаббат туралы аңыз» спектаклі мен «Бейбарыс сұлтан» балеті. «Астана Балет» театры гастроль шымылдығын Ариф Меликов музыкасына Юрий Григорович қойған үш көріністі «Махаббат туралы аңыз» балетімен ашты.


Сюжет – көне шығыс аңызына негізделген. Спектакль нәзік, тамсандырар пластикалық иірімдерден құралған бірегей хореография, сюжет желісі, ғажайып көпшілік сахналар мен сезімге толы дуэттерімен таң қалдырады. Алғаш рет бұл спектакль Мариинский, ал кейін Үлкен театр сахнасында көрсетілген болатын.


Қазан айының 29-30 күндері көрермен назарына «Бейбарыс сұлтан» спектаклі ұсынылды. Египет пен Сирияның әйгілі билеушісі Бейбарыс сұлтан туралы спектакльдің қойылымына дарынды өнер қайраткерлері атсалысты: қоюшы-хореограф – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мукарам Авахри, композиторлар – Хамит Шаңғалиев пен Әлібек Әлпиев, либретто авторы – ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Қайырбеков.


Айта кетерлігі, «Астана Балет» театры БАӘ алғаш рет гастрольдік сапармен барды. Бұған дейін қазақстандық ұжым АҚШ, Франция, Италия, Ресей, Қытай, Бельгия мен Жапонияның әйгілі сахналарында өнер көрсеткен.


Гастрольдік сапар Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрігінің қолдауымен жүзеге асырылды. Естеріңізге сала кетейік, 6 қарашада «Астана Балет» театрында «Бір актілі балеттер кеші» өтеді. Кеш барысында ғажайып бір актілі қойылымдарды тамашалай аласыз: Раймондо Ребектің «Өткенге саяхат» балеті, сонымен қатар, арнайы шақырылған хореограф Рикардо Амарантенің екі туындысы – «A Fuego Lento» және «Love Fear Loss».


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Балет театры #опера сахнасы #гастроль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Бүгін 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Бүгін 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Бүгін 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Бүгін 17:11

Тоқаев Оман халқына тілектес екенін жеткізді

Бүгін 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі