Аспаз жалдаған неге тиімді? Қаржы кеңесшісі жұрт білмейтін лайфхактарын бөлісті

  • 14:10, 05 маусым 2025
Аспаз жалдаған неге тиімді? Қаржы кеңесшісі жұрт білмейтін лайфхактарын бөлісті сурет: кейіпкердің жеке архивінен

Ақша - барлық адам қажет ететін ресурс. Бірінде көп, бірінде аз болғанымен, оны бәрі қолданады. Ал қалай жұмсау керектігін адам өзі таңдайды. Сол себепті де қазір қоғамда қаржылық сауаттылыққа, ақшаны дұрыс жұмсауға үйрететіндер көп. Бірақ ерекше әдістер ұсынатындар аз. Солардың бірі – блогер әрі инвестор Әлішер Құлкеев. Aqshamnews.kz тілшісі жас маманмен сұхбаттасып, ақшаны тиімді басқару, күнделікті үнемдеу мен пассив табысқа жетудің жолдары жайлы қызықты ақпараттар білді.

сурет: кейіпкердің жеке архивінен

Әлішер Құлкеевқаржылық сауаттылық пен инвестиция саласында танымал тәлімгер, блогер әрі инвестор. Ол KIMEP университетінің қаржы факультетін тәмамдаған. 2017 жылы студент кезінде қаржылық қиындықтарға тап болып, жеке қаржыны басқару мен инвестиция негіздерін өз бетінше үйрене бастады. 2020 жылы YouTube арнасын ашып, қаржылық сауаттылық бойынша кеңестер мен тәжірибесін бөлісе бастады. Содан бері ол жүздеген адамға тәлім беріп, олардың қаржылық жағдайын жақсартуға көмектесіп келеді.

"Ыдыс жуып, тамақ жасағанша аспаз жалдаған тиімді"

Әлішер әлеуметтік желіде күнделікті өмірде қажет ететін қаржылық лайфхактар бөлісіп отырады. Мәселен жақында ол тұрмыстық тірліктерге, яғни үй жинап, ыдыс жуып, тамақ әзірлеуге жұмсайтын уақытты жұмыс істеуге жұмсап, аспаз жалдағанның қаржылық тұрғыдан әлдеқайда тиімді екенін айтты.

"Күніне адам тамақ істеуге 2 сағат уақыт жұмсайды делік. Бұл аптасына шамамен 14 сағат. Отбасының ортақ табысын 160 жұмыс сағатына бөлсе, бір сағаттың құны шығады. Сол уақыт ішінде ақшалай табыс табуға немесе демалуға болар еді. Аспаз аптасына бірнеше рет келіп, апталық мәзірмен дайындайды. Біз кестеге қарап тек қажет өнімдерді сатып аламыз. Ештеңе ысырап болмайды. Барлығы - 220–250 мың теңге шығын болады. Үйдің тағамы сондай дәмді әрі уақытымыз бен күшіміз өзімізде қалады", – дейді ол.

Оның ойынша, адам өз өміріндегі қымбат уақытты арзан нәрселерге жұмсамауы керек. Яғни сіздің әр уақытыңыз ақшаға тең.  Оны қалай жұмсап жатқаныңызды есептей білген жөн.

Ең үлкен қаржылық қате - өз табысыңды мойындамау

Әлішер мырзаның сөзінше, адамдар ақшаның қайда кетіп жатқанын білмей, "ақша жетпейді" деп шағымдана береді. Негізі бәрі бақылаудан басталады.

"Біздің басты қатеміз - табысымыздың шегін мойындамау. Біз бәрін сатып алғымыз келеді, бірақ шындығында ол мүмкін емес. Егер сіз айына 500 мың теңге табатын болсаңыз, 200 мың теңгелік сөмке немесе жаңа iPhone алу сізге тиімсіз. Оны мойындау керек", – дейді Әлішер.

Оның айтуынша, "қалау" шығындары табыстың 30%-ынан аспауы керек. Қалғаны – қажеттілік, міндеттеме және жинақтан тұрады. 

Бюджетті қалай есептеген дұрыс?

Әлішер ай сайынғы бюджетті былай бөледі:

    1. Қажеттілік — тамақ, жол, медицина, коммуналдық шығын.

    1. Міндеттеме — кредит, бөліп төлеу.

    1. Демалыс — сапалы, жоспарлы.

    1. Қалау — ойыншықтар, гаджеттер, сыйлықтар.

    1. Жинақ және инвестиция.

"Көп адам алдымен өз 'қалауына' ақша жұмсайды. Қалғанына жетпесе – қарыз алады. Ал дұрыс әдіс – керісінше. Яғни біз шығындарды жауып барып, қалауымызды екінші орындауымыз керек", – дейді ол.

"Ақша көбейсін десеңіз, айналымға салыңыз"

Әлішердің шәкірттерінің көбі қаржыгер емес. Дегенмен олар теңгемен 30%, доллармен 10% табыс көріп отыр. Мұның барлығы - инвестициялық табыс. Маманның сөзінше, инвестиция – банк депозитінен әлдеқайда тиімді.

"Инфляция – бәрін жейді. Бүгінгі 100 мың теңге - ертең 100 мың болмай қалуы мүмкін. Сол себепті ақшаңызды жұмыс істету керек. Яғни, ақша үнемі айналымда болғаны дұрыс. Инвестиция - қорқынышты нәрсе емес, тек бастау керек", – дейді Әлішер.

Ол инвестицияны өз бетімен зерттеуге 1,5 жыл жұмсаған. "Егер сол кезде маған жол сілтейтін бір тәлімгер болғанда, мен бұл нәтижеге 2-3 айда жететін едім", – дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:54

18:29

16:55

15:07

14:14

13:34

13:27

12:38

11:20

10:15

09:55

09:05

19:42

19:19

18:33

18:31

16:39

15:08

14:46

14:40

14:10

14:00

13:25

12:44

12:00