Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әскерилердің зейнет жасы ұзарады деген ақпаратқа м...

Әскерилердің зейнет жасы ұзарады деген ақпаратқа министрлік түсініктеме берді

Әлеумет 31.05.2022, 09:00 1,436
Әскерилердің зейнет жасы ұзарады деген ақпаратқа министрлік түсініктеме берді
Сурет: Regnum.ru

Қызмет мерзімін ұзартқысы келетін әскери қызметшілерге зейнетке кешірек шығуға мүмкіндік беріледі.


Қазақстанда әскери қызметшілердің зейнет жасы көтерілмейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бұған дейін заңға енгізілген өзгерістерге байланысты әскери қызметшілердің зейнет жасы бес жылға көтерілгені хабарланған болатын. Алайда Қорғаныс министрлігі мұны жоққа шығарды.


Министрлік түсіндіргендей, әскери қызметшілерге таңдау құқығы беріледі. Егер тәжірибесі мол әрі денсаулығы жарамды әскери қызметші қызмет мерзімін ұзартқысы келсе, онда онымен бес жылға жаңа келісімшарт бекітіледі.



«2022 жылғы 15 сәуірде «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, әскери қызметте болудың шекті жасына жеткен, жоғары кәсіби дайындығы және атқарып отырған лауазымында жұмыс тәжірибесі бар, денсаулығы бойынша жарамды әскери қызметшілердің қызмет мерзімі бес жылға дейін жаңа келісімшарт бекіту арқылы ұзартылуы мүмкін», - деп түсіндірді ведомство.



Осылайша әскери қызмет мерзімі ұзартылған жағдайда, әскери қызметші зейнетке белгіленген мерзімнен кеш шыға алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әскери #Зейнет #қорғаныс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар әлем чемпионатын екі қола медальмен қорытындылады

Бүгін 20:47

Алматыда ауа сапасын жақсарту бойынша жаңа шаралар: көмірді пайдалану мен құрылыс қалдықтарын реттеу

Бүгін 20:09

Алматыда стационарлық шығарындыларға бақылау күшейтіледі

Бүгін 20:05

Алматыда тозығы жеткен автокөліктерді сатып алу механизмі енгізіледі

Бүгін 18:57

Алматылық спортшылар джиу-джитсудан Қазақстан чемпионатында 38 медаль жеңіп алды

Бүгін 18:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика