Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС – НАҚТЫ НӘТ...

ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС – НАҚТЫ НӘТИЖЕ

Әлеумет Бүгін 12:04 24
ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС – НАҚТЫ НӘТИЖЕ
Сурет: Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жастарға әскери-патриоттық тәрбие берудің 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» қаулысы аясындағы міндеттерді іске асыру мақсатында Алматы қаласында республикалық семинар-практикум өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қолдауымен, Алматы қаласы Білім басқармасы ұйымдастыруымен өткізілді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Семинар жұмысына «Жас сарбаз» республикалық әскери-патриоттық қозғалысының филиал төрағалары мен алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушылары қатысты.
Жиынды қозғалыс төрағасы Мейірбек Меңдіғалиев ашып, әскери-патриоттық тәрбиенің мазмұнын жаңғырту, жаңа заңнамалық өзгерістерді тиімді енгізу және жас ұрпақ бойында азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мәселелеріне тоқталды.

Семинар аясында Алматы қаласы Алатау ауданындағы №210 мектеп-лицейдің «Жас сарбаз» сыныбы үлгілі тәжірибе ретінде таныстырылды.
Аталған білім ордасында 2025 жылғы 9 желтоқсанда «Жас сарбаз» сыныбы мен Ұлттық ұлан батырлары атындағы «Ерлік сыныбы» ашылған. 26 оқушы салтанатты түрде ант қабылдап, мектептің «Жас сарбаз» Туы табысталды. Іс-шараға қоғам қайраткерлері, білім беру саласының өкілдері және әскери құрылым қызметкерлері қатысып, бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланды.

Бүгінде 210 мектеп-лицейдің «Жас сарбаз» сыныбы қала көлеміндегі әскери-патриоттық іс-шаралардың белсенді қатысушысы. Оқушылар Ауған соғысы ардагерлерімен кездесіп, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы құрамындағы 7552 әскери бөлімінде Әскери ант қабылдау рәсіміне қатысып, сарбаздардың тыныс-тіршілігімен танысты.

Бұл – Ұлттық ұланның жас ұрпақ тәрбиесіне жүйелі түрде қамқорлық жасап отырғанының нақты көрінісі. Бүгінде Ұлттық ұлан қамқорлығына алған 210 мектеп-лицей әскери-патриоттық тәрбиенің қалалық деңгейдегі тірек алаңына айналып отыр.

Мектептің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі, запастағы полковник Ниязтай Әлкешев өз сөзінде бастаманың маңызын ерекше атап өтті:

–Біздің мақсатымыз – өскелең ұрпақты жоғары азаматтық белсенділікке, патриотизмге, кереғар идеяларға қарсы тұруға тәрбиелеу. Әскер жасына дейінгі жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және болашақ Отан қорғаушыларды даярлау – ортақ міндет. Сондықтан бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмыс істеуіміз қажет. Біз болашақ Қарулы Күштер, өзге де әскерлер мен әскери құрылымдардың сапын толықтыратын ұрпақты тәрбиелеп отырмыз.

Полковник Ниязтай Әлкешевтің айтуынша, «Жас сарбаз» сыныбына қызығушылық жыл сайын артып келеді. Келесі оқу жылында қосымша сынып ашу жоспарда бар. Сонымен қатар мамыр айында Алматы қалалық Полиция департаментінің қолдауымен «Жас сақшы» сыныбын ашу көзделіп отыр.

Семинар бағдарламасы алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнін жүргізудегі нормативтік-құқықтық құжаттарды түсіндіруді, атыс дайындығындағы әдіс-тәсілдерді жетілдіруді, озық педагогикалық тәжірибені таратуды қамтыды. Сонымен қатар білім беру үдерісінде жасанды интеллект элементтерін пайдалану, ұшқышсыз ұшу аппараттарын (дрондарды) қолдану мәселелері қарастырылды.

Бұл бастамалар әскери-патриоттық тәрбиені жаңа деңгейге көтеріп, мектеп қабырғасынан бастап саналы, тәртіпті әрі отансүйгіш ұрпақ қалыптастыруға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әскери-патриоттық тәрбие #Жас сарбаз #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ жаңа конституцияның жобасын азаматтарға түсіндіріп жатыр: Алматыда құқық реформасындағы университеттердің рөлі туралы айтылды

Бүгін 12:49

ҚазҰУ-дың Конституция жөніндегі оқу құралы: құқықтар, бостандықтар мен Алматыдағы референдум жайлы

Бүгін 12:42

Алматыда жаңа конституция жобасын түсіндіретін оқу құралының электронды нұсқасы шығады

Бүгін 12:38

Алматыда ҚазҰУ проректоры Еркін Дүйсенов жаңа конституцияның ең көп талқыланған тұсы туралы айтты

Бүгін 12:32

Балалар саясаты 2030 жылға дейін жүйелі түрде жаңғыртылады

Бүгін 12:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі