AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әскери ант – Отанға адалдық кепілі

Әскери ант – Отанға адалдық кепілі

Әлеумет 04.11.2024, 16:18 2,094 Тамара ДӘУЛЕТБАЕВА, ҰҚК Шекара қызметінің запастағы подполковнигі
Әскери ант – Отанға адалдық кепілі
ҰҚК Шекара қызметі

Бүгін еліміздің шығыс және батыс өңірлерінде жас шекарашы сарбаздар салтанатты түрде ант қабылдап, Отанына адал қызмет етуге серт берді. Осы маңызды сәттің куәсі болу үшін алыстан келген ата-әже, әке-шеше, туған-туыстары мен достарының жүздерінен қуаныш көрініп тұрды.

Осындай салтанаттың бірі ҰҚК Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаментіне қарасты Қарасай ауданы шекара басқармасының Ақжардағы техникалық және кәсіби даярлық бөлімінде өтті. Жас жауынгер сынын сәтті еңсерген 500-ден астам сарбазды департамент бастығы полковник Ә. Каюпов, «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, отставкадағы генерал-лейтенант Б. Сәрсеков, Қазақстан Республикасы Мас-Рестлинг (таяқ тарту) федерациясының вице-президенті Т. Қаналиев және запастағы полковник Д. Мамырханов бастаған шекарашы ардагерлер құттықтады.

ҰҚК Шекара қызметінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасы арқылы ел жұртшылығы тікелей эфирден тамашалаған рәсімде ата-аналардың қуанышты жүздерін көруге болады. Олардың бірі, 75 жастағы Б. Дүйсеғалиева тұңғыш немересінің қуанышына ортақтасу үшін Батыс Қазақстаннан арнайы келіпті. Ант қабылдауға кіріскен немересіне мейіріммен қарап тұрған тағы бір әжейді көріп, осынау әсерлі сәтті суретке түсіріп алуға тырыстық.

«Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігін басқаратын Бексұлтан Сәрсекұлы салтанатты шараның маңызына тоқтала отырып:

— Бүгінгі күн ерекше! Жас сарбаздар Тәуелсіз елдің шекарасын қорғауға серт беруде. Ата-бабамыздан аманат болып қалған ұлан-ғайыр жерімізді көздің қарашығындай қорғаңдар. Халқымыздың сенімін ақтаңдар, — деп, ағалық тілек білдірді.

Айта кету керек, «Срочник 2.0» бағдарламасы аясында «Күз-2023» шақырылымының екі сарбазы – қатардағы жауынгерлер А. Артықжанов пен Е. Тілеубекке департамент бастығы полковник Әлібек Каюпов арнайы сертификаттар табыстады. Бұл сертификаттар оларға өздері таңдаған жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, шара кезінде жақында өткен «Таяқ тарту» сайысының жеңімпазы атанған бірнеше сарбазды Қазақстан Республикасы Мас-Рестлинг федерациясының вице-президенті Т. Қаналиев мақтау қағазы және медальдармен марапаттады.

Шара шекара басқармасының арнайы мақсаттағы ұтқыр топтың жауынгерлік қимылдарына арналған көріністерімен жалғасты. Шекара қызметінің Қызметтік кинология басқармасы иттерінің шеберлігін көрсетіп, көрермендерді тәнті етті.

Ант қабылдау рәсімінен кейін сарбаздар ата-аналары мен туған-туыстарымен қуанышпен қауышып, болашақ ел қорғандары өздерінің мақтаныш сезімдерін жасыра алмады.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҰҚК Шекара қызметі #сарбаз #ант
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);