конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әскер шыңдаған достық: Ұлттық ұланның әскери бөлім...

Әскер шыңдаған достық: Ұлттық ұланның әскери бөлімінде колледжде бірге оқыған 10 студент қызмет етуде

Әлеумет Бүгін 18:24 43 yakiya
Әскер шыңдаған достық: Ұлттық ұланның әскери бөлімінде колледжде бірге оқыған 10 студент қызмет етуде
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

2026 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқаны барысында ҚР ІІМ Ұлттық ұланында ерекше оқиға орын алды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Колледждің он түлегі бір мезетте Тараз қаласында орналасқан 5513 әскери бөліміне азаматтық борышын өтеуге шақырылды. Ең қызығы – олардың барлығы бір батальон мен бір ротада бірге қызмет өткеруде.

Осыдан аз ғана уақыт бұрын бұл жастарды Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің дәрісханалары, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім алу, бірлескен жаттығулар мен емтиханға дайындық біріктірген еді. Енді олардың күнделікті тыныс-тіршілігі саптық алаңда, жас жауынгер курсындағы оқу сыныптарында өтуде. Ұлттық ұлан қатарында Отан алдындағы борышын өтеу туралы шешімді де олар бірге қабылдаған.

Болашақ сарбаздардың таңдауына колледжде өткен кәсіби бағдар беру кездесуі ерекше ықпал етті. Студенттер алдында қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде ерлігімен танылып, мемлекеттік наградалармен марапатталған Ұлттық ұлан офицері майор Ербол Отарбаев сөз сөйледі. Оның әскери қызмет туралы әсерлі әңгімесі мен өнегесі жастардың жүрегіне жол тауып, саналы таңдау жасауына себеп болды.

Бүгінде әскер өмірі олардың достығын жаңа белеске көтерді. Олар әскери істің қыр-сырын бірге меңгеріп, бір-біріне қолдау көрсетіп, қызмет талаптарына тез бейімделуге көмектесіп келеді.

– Бір-бірімізге үнемі түсіндіріп, демеп, қолдау білдіреміз. Егер арамызда ине-жіп ұстап көрмегендер болса, әскери киімді қалай тігу керектігін үйретеміз. Әрдайым ақылымызды айтып, көмектесеміз. Біздің достығымыз студенттік жылдары сыннан өтсе, енді оны әскер өмірі шыңдап жатыр, – дейді қатардағы жауынгер Дидарбек Үсенов.

Жастардың спорттық дайындығы әскери сабақтар барысында да өз пайдасын тигізіп жатыр. Дене шынықтыру факультетінің түлектері өзге қаруластарымен тәжірибелерімен бөлісіп, жауынгерлік даярлық сабақтарында жаттығуларды дұрыс орындауға көмектеседі. Дене жүктемесін көтере алмай жатқан қызметтестеріне қолдау көрсетіп, жігерлендіреді.

Мерзімді әскери қызметін абыроймен аяқтағаннан кейін ұландықтар жоғары оқу орындарына түсуге арналған білім беру грантын жеңіп алуға мүмкіндік алады. Ал бір оқу орнында білім алып, кейін бір әскери бөлімде бірге қызмет етуге бел буған он достың оқиғасы биылғы көктемгі шақырылымының ең ерекше әрі тағылымды мысалдарының біріне айналды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мерзімді әскери қызмет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастарға арналған тоғызқұмалақтан тегін курстар ашылды

Бүгін 18:21

Бостандық ауданында көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін жөндеу бағдарламасы жалғасуда

Бүгін 17:08

Маусым айында Қазақстанда 168 мыңға жуық автокөлік есепке қойылды

Бүгін 16:52

«Хандар киген қамқа тон» қой үстіне жабылғаны ма?

Бүгін 16:39

Алматыда биыл 13 жаңа студенттер жатақханасы пайдалануға беріледі

Бүгін 16:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);