AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Әскер балуандары Астанадағы "Дала қырандары" турни...

Әскер балуандары Астанадағы "Дала қырандары" турнирінде чемпион атанды

Спорт 13.01.2025, 17:14 870 dulatbekova
Әскер балуандары Астанадағы "Дала қырандары" турнирінде чемпион атанды
Сурет: Қорғаныс министрлігі

Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ұлттық күрестен өткен "Дала қырандары" рейтингтік турнирі сегіз салмақ дәрежесінде Қазақстанның ең мықты деген балуандарын анықтады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, боз кілемде Армия орталық спорт клубының спортшылары  Нұрдәулет Бақтыбайұлы мен қатардағы жауынгер Ерасыл Жанатаев жоғары нәтиже көрсетті.

Жыл басталғалы бері Қазақстанда қазақ күресінен бес рейтингтік жарыс өтті.  Олардың қорытындысы бойынша әр салмақ дәрежесінде ең көп ұпай жинаған сегіз балуан анықталды.

Жарыс барысында кілемге бірнеше дүркін Әлем чемпиондары, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары мен Дүниежүзілік жекпе-жек ойындарының жеңімпаздары, Азия кубогының иегерлері, "Қазақстан барысы" турнирінің және бұған дейінгі "Дала қырандары" турнирлерінің жеңімпаздары шықты.

Жарыс қорытындысы бойынша сегіз спортшы "Дала қырандары" турнирінде "Бас балуан" атағына ие болды. Оның жүлде қоры 100 000 доллар.

Армия спортының өкілдері екі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті. Қарулы күштердің қызметкері Нұрдәулет Бақтыбайұлы 82 кг салмақта және мерзімді қызмет сарбазы Ерасыл Жанатаев 90 кг салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырынан көрінді.

– Менің ойымша, бұл жақсы нәтиже. Біздің екі спортшы чемпион атанды, – деді Армия орталық спорт клубы қазақ күресі командасының бастығы лейтенант Асан Мәмбетқұлов. Бұл спортшылар алдағы тамыз айында қазақ күресінен әскери қызметшілер арасындағы алғашқы CISM әлем чемпионатында Қарулы күштердің намысын қорғайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дала қырандары #әскер балуандары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Салық қарызы бар азаматтар шетелге шыға алмайды

Бүгін 11:15

23 мамырға арналған ауа райы болжамы

Бүгін 10:05

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Кеше 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Кеше 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Кеше 17:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);