Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Ashyq «қызыл» мәртебедегі бір жарым мың алматылықт...

Ashyq «қызыл» мәртебедегі бір жарым мың алматылықты анықтады

Медицина 07.07.2021, 12:13 1,744
Ashyq «қызыл» мәртебедегі бір жарым мың алматылықты анықтады
www.inform.kz

Алматыда Ashyq мобильді қосымшасының көмегімен QR-коды арқылы сканерлеу нәтижелері бойынша 1449 тұрғынның «қызыл» мәртебесі расталды.



Алматыда КВИ таралуын болдырмау жөніндегі жедел штабтың деректері бойынша ағымдағы жылдың 9 сәуірі мен 1 шілдесі аралығында Ashyq мобильді қосымшасының көмегімен QR-кодын сканерлеу нәтижелері бойынша 1449 тұрғынның «қызыл» мәртебесі расталды. Тағы 370 тұрғын «сары» мәртебеге ие.


Ashyq жобасы бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлік нысандарының кіре берістеріндегі сканерлеу нәтижесі 716 тұрғынның «қызыл», 189 тұрғынның «сары» мәртебесін растады. Айта кетерлігі, «қызыл» мәртебесі бар 157 және «сары» мәртебесі бар 40 тұрғын фитнес орталықтары мен бассейндерге кіруге тырысқан. Монша мен саунада «қызыл» мәртебесі бар 39 адам, «сары» мәртебесі бар 9 адам анықталды. Кинотеатрлардың кіре берістерінде «қызыл» мәртебесі бар 71 тұрғын, «сары» мәртебесі бар 34 адам анықталды. Қоғамдық тамақтану орындарында «қызыл» мәртебесі бар 286 және «сары» мәртебелі 56 тұрғын анықталды. Ал Алматының  әуежайына «қызыл» мәртебедегі 89 және «сары» мәртебелі 21 адам кіруге тырысқан.


Алайда, нысанға бармай, сканерлеу нәтижесінде, яғни үйде оқшауланғандардың ішінде 733 тұрғынның «қызыл», 181-інің «сары» мәртебелері расталды. Анықталғанындай, олар қоғамдық орындарға, оның ішінде бассейндерге, сауналарға, кафелер мен мейрамханалар баруға тырысқан.



Бүгінде үйде АМСК және Телемедицина орталығының мобильді топтарының бақылауында 2306 науқас бар, олардың 291-і симптомсыз, 1970-і жеңіл, 45-і орташа ауырлық дәрежесінде.



Айтпақшы, вакциналау паспорты Ashyq қосымшасымен біріктірілген. Осылайша, коронавирустан вакцинаның екі компонентін алған тұрғындар «жасыл» мәртебеге ие болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Маршрут выходного дня #Отдых #Выходные #ashyq #Алматы #Тұрғындар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Жетісу ауданындағы көріктендіру жобаларымен танысып, бизнестің қатысуын күшейтуді тапсырды

Бүгін 18:47

Алматыда қала орталығындағы жазғы дәмхана сүрілді

Бүгін 17:55

Тұтынушылық кредит алушылар азайған

Бүгін 17:37

2025 жылы 1757 ресейлік Қазақстан азаматтығын алған

Бүгін 17:10

Алматы үйленуден көш бастап тұр

Бүгін 16:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика