AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Ашкөз компаниялардың дәуірі аяқталды: Бақытжан Ба...

Ашкөз компаниялардың дәуірі аяқталды: Бақытжан Базарбек Құрылыс кодексінің маңызын айтты

Билік 08.10.2025, 16:11 790
Ашкөз компаниялардың дәуірі аяқталды:  Бақытжан Базарбек Құрылыс кодексінің маңызын айтты
mazhilis.parlam.kz

Бүгін Мәжілісте атышулы Құрылыс кодексі жобасы бірінші оқылымда қаралды. Бұл құжат Қазақстандағы құрылыс саласын түбегейлі өзгертетін негізгі заңдардың бірі болмақ. Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек өз баяндамасында жаңа Кодекстің қоғам үшін маңызын атап өтті, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

“Бұл заңға қоғамымыздағы көп нәрсе байланысты. Қауіпсіз үйлерде тұрамыз ба, әлде қауіпті жағдайларда өмір сүреміз бе - заң соған жауап береді. Біз енді құрылыс компаниялардың емес, халықтың мүддесін қорғауымыз керек”, - деді депутат.

30 жылдық "бетон геттолар" дәуірі

Депутаттың айтуынша, тәуелсіздік алған жылдардан бері заңдар мен шешімдер көбіне құрылыс компаниялардың пайдасына қабылданып келген.

“Тау бөктері кесіліп, жасыл аймақ азайды, қалалар бетон геттосына айналды. Себебі ашкөз құрылыс компаниялар мен олардың лоббистері 30 жыл бойы өз мүдделерін қорғап келді”, - деді ол.

Базарбек бұл заңды мемлекет, құрылыс индустриясы және азаматтық қоғам арасындағы “әлеуметтік келісім” деп атады.

Сейсмикалық қауіпсіздік және жасыл аймақтар басты назарда болмақ

Депутат ұсынған бірқатар маңызды түзету жұмыс тобы тарапынан қолдау тапқан:

  1. Сейсмикалық қауіпсіздік:
    Енді бас жоспарлар мен жобалар сейсмомикрозонирлеу карталары негізінде әзірленеді. Ал Алматыда бұл талаптар бірден күшіне енеді, басқа сейсмоқауіпті қалаларда - 2030 жылға дейін.

  2. Қауіпті аймақтарда құрылысқа тыйым:
    Опырылу қаупі бар немесе таулы аймақтарда көпқабатты үйлер салуға шектеу қойылады.

  3. Жасыл аймақтарды қорғау:
    Рекреациялық аумақтарды тұрғын аймаққа ауыстыру тек қоғамдық талқылаудан кейін ғана мүмкін болады.

    “Егер халық қарсы болса, онда өзгеріс бекітілмейді. Бұл Алматы, Қарағанды, Шымкент сияқты қалалардағы жағдайдың қайталанбауы үшін қажет”, - деді Базарбек.

  4. ПДП түзетулерін шектеу:
    Бұдан былай қала құрылысы жобаларына жылына екі рет емес, екі жылда бір рет түзету енгізу ұсынылады. Базарбек тіпті бұдан да қаталдау нұсқаны - бес жыл бойы өзгеріс енгізбеу талабын енгізуді ұсынған.

"Жауапсыз құрылысшыларды жазалау қажет"

Депутат адал емес құрылыс компанияларының тізімін (реестр недобросовестных застройщиков) енгізу бастамасын да көтерді. Бұл тізімге сот шешімімен “алаяқ құрылысшылар” енгізіліп отырады.

“Халықтың ақшасын жеп, рұқсатсыз, қауіпті аймақтарда құрылыс жүргізетіндерге бұл Кодекс жеңіл тимейді. Біз ондайларды құртуымыз етуіміз керек”, - деп қатаң айтты Базарбек.

Лицензия мен сараптамадағы былықтар

Депутат сараптама және лицензия беру саласында да тәртіп орнату қажеттігін айтты.
Мысалы, 2016–2023 жылдар аралығында жеке сараптамалық ұйымдар 87 мыңнан астам қорытынды берген, оның ішінде кейбірі небәрі 0 күнде жасалған.

“Бір күнде сараптама жасап, оң қорытынды беру - бұл техникалық сараптама емес, фарс”, - деді депутат.

Сондай-ақ, елде 93 мыңнан астам құрылыс лицензиясы берілгенімен, әр компанияда орта есеппен 1,38 инженер ғана бар. Бұл - заң бұзушылықтың айқын дәлелі.

“Алдымызда үлкен жұмыс тұр. Біз бұл реформаны құрылыс компаниялар үшін емес, халық үшін жасаймыз. Қалаларымызда заң үстемдік етуі керек”, - деп түйіндеді Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Құрылыс кодексі #Бақытжан Базарбек #Мәжіліс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06

Қарашығанақ газ өңдеу зауыты жобасы тұрақты бақылауда – Энергетика министрлігі

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);