AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Асхат Аймағамбетов қазақстандықтарды Білім күнімен...

Асхат Аймағамбетов қазақстандықтарды Білім күнімен құттықтады

Білім және ғылым 01.09.2021, 13:07 1,938
Асхат Аймағамбетов қазақстандықтарды Білім күнімен құттықтады
Сурет: Gov.kz

Еліміздің Білім және ғылым министрі Білім күнімен құттықтауын жеткізді


ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандықтарды Білім күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Құрметті ұстаздар, оқытушылар, оқушылар, студенттер және ата-аналар!


Сіздерді 1 қыркүйек — жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын! Білім беру ұйымдарында оқу жылы қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, дәстүрлі форматта басталады.


Балалар өз мектептерін, достары мен сыныптастарын, ал мұғалімдеріміз оқушыларын сағынды. Барлығы мектептердің ашылуын асыға күтті.


Әлемдік пандемия білім беру үрдісіндегі мұғалімнің баға жетпес рөлін айқындай түсті. Атап айтсақ, мұғалімнің кәсібилігі, тәжірибесі, балаға деген сүйіспеншілігі мен оқушының өміріндегі атқаратын рөлі айқындалды. Әлбетте, мұғалімдер гаджет экрандары арқылы емес, балалармен тікелей байланыста бола отырып беретін білімді заманауи технологиялармен салыстыру қиын.


1 қыркүйек — бірінші сынып оқушылары үшін ерекше мереке. Биыл 394 мыңға жуық бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттайды. Осы салтанатты күні «Әліппе» мен «Букварь» оқулықтарын қолдарына алатын бірінші сынып оқушыларын құттықтағым келеді. Бүлдіршіндерімізге мықты денсаулық тілеп, ашық және білімқұмар болуға шақырамын.


Жаңа оқу жылы әрбір оқушы, студент, мұғалім және оқытушы, жалпы, білім беру саласына қатысы бар әрбір адам үшін қызықты әрі пайдалы болуын тілеймін.


Құрметті әріптестер! Көптен күткен дәстүрлі форматқа оралып, мектеп қабырғасында балалардың жарқын күлкілерін есту сіздерді қуанышқа бөлейтінін білемін. Жоғары оқу орындарындағы аудиториялар да қызықты әңгімелер мен зияткерлік пікірталастарға толы болары сөзсіз.


Қымбатты білім алушылар, мұғалімдер мен ата-аналар! Сіздерді Білім күнімен құттықтай отырып, баршаңызға мықты денсаулық тілеймін!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Құрмет #Ұстаз #оқытушы #білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);