AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Асанәлі Әшімов жеке заттарын архивке тапсырды

Асанәлі Әшімов жеке заттарын архивке тапсырды

Мәдениет 31.01.2024, 10:00 1,658 Almaty-akshamy.kz. 
Асанәлі Әшімов жеке заттарын архивке тапсырды
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Асанәлі Әшімовтің жеке құжаттары мен марапаттары мемлекеттік сақтауға алынды


Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан және КСРО еңбек сіңірген артисі, Мемлекеттік сыйлықтардың иегері, кино және театр актері әрі режиссері, театр педагогы, профессор, Театрлар қауымдастығының президенті Асанәлі Әшімов жеке қолжазбаларын, марапаттары мен кітаптарын, киноларға түскенде қолданған бағалы заттарын Мемлекеттік архивке тапсырды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.



Мәдениет басқармасы Мемлекеттік архивте дара тұлғаның құрметіне «Кино және театр тарланы – Асанәлі» музей-бұрышын ашты. Енді ел азаматтары Асанәлі Әшімұлына қатысты 200-ден астам құжат пен экспонатты тамашалап, зерттей алады. Ол үшін архивке алдын ала өтінім беру қажет. 



«Еңбекпен келген әр зат мен үшін бағалы. Қарап отырсам, мұның бәрі қазір – тарих. Біз көп болса жүз жасармыз, ал бұл заттар мың жасайды. Оған архив қызметкерлері ұқыпты қарап, олардың жоғалып кетуіне жол бермейді. . Мұнда жалғыз менің ғана емес, басқа да танымал адамдардың заттары қойылған. Бұл жақсы бастама. Ол келешек ұрпақ үшін жасалып жатыр. Әсіресе, оқушы, студенттер үшін маңызды, керек дүние. Сондықтан бұған оң көзбен қараған дұрыс. Осы іс-шараны ұйымдастырып отырған азаматтарға алғыс айтамын», – деді Асанәлі Әшімов.




Шараға белгілі зиялы қауым өкілдері, Асанәлі Әшімовтің отбасы, туған-туыс, жақын достары мен шәкірттері қатысты.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Асанәлі Әшімов #музей #архив
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы балаларға арналған бірегей оталардың алаңына айналды

Кеше 19:24

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді

Кеше 18:26

Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

Кеше 18:20

Мемлекет басшысына Defense Tech қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы инновацияларды қолдау орталығы көрсетілді

Кеше 18:16

Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады

Кеше 18:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);