AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / ArtKöshe тәуелсіз театрында aLqa фестивалі өтеді

ArtKöshe тәуелсіз театрында aLqa фестивалі өтеді

Не? Қайда? Қашан? 02.12.2024, 16:42 639 Bakyt
ArtKöshe тәуелсіз театрында aLqa фестивалі өтеді
Almaty Creative

4-8 желтоқсан аралығында Almaty Creative хабта ArtKöshe тәуелсіз театры aLqa лабораториясының қорытындысы ретінде 5 спектакльдің премьера-фестивалін өткізбек.

aLqa жобасы еліміз театр өнеріндегі құндылық және көркемдік ізденістер мәселесін нысанға ала отырып, театр мен академиялық орта эксперттерін тоғыстырып, демократия құндылықтарын және театр эстетикасындағы жаңа конвенцияны негіз еткен сапалы туындылар жасалуына ықпал етуді, сондай-ақ, шығармашылық тәуелсіздікті дәріптеуді мақсат етеді. “ArtKöshe – тәуелсіз театр. Тәуелсіз ұғымын әр қырынан түсіндіруге болады. Өнер, шығармашылық пайда болғалы оның белгілі бір заңдылық-ережелері қалыптасып, шығармашылықты сол заңдылық-ережелер арқылы үйренеміз, жасаймыз, қабылдаймыз, бағалаймыз.

Бүгінде сол заңдылық-ережелерді түсіндіретін, үйрететін небір кітаптар, курстар, академия, университеттер бар. Бір қарасаңыз бұл тамаша, бір қалыпқа түскен. Бірақ өнер, шығармашылық ретінде адамның ойы бір қалыпқа сыймайды. Дүние қалай шексіз процесс болса, ол да сондай. Бұл тұрғыдан қарасақ заңдылық-ереже дегеніміз өнердің колонизациясы. Бүгінгі өнер теорияларының негізі қай тараптан тарағанын айтпаған күннің өзінде. ArtKöshe – тәуелсіз, яғни өз болмысын іздеген деколониал театр. aLqa сол жолға басқан қадам”, - дейді ArtKöshe тәуелсіз театрының жетекшісі және aLqa жобасының авторы, драматург әннәс Бағдат.

Жоба аясында драматургия, режиссура бойынша курстар өткізіліп, курсқа іріктелген 5 драматург пьеса жазып, 5 режиссер сол пьесалардан спектакль қояды. 

Курсқа қатысушыларға белгілі зерттеуші-эксперттер Ғалым Жүсіпбек, Әсия Бағдәулетқызы, Шалқар Нұрсейіт, Оразай Қыдырбаев және Серік Бейсембаев адам құқықтары, деколониал, постколониал, кімдік (Identity) ұғымдары, өнер және саясат, гендер деколонизациясы, өнер және этика, қоғам және өнер қатарлы тақырыптар бойынша трениңдер жүргізді. Драматургия курсын ә.Бағдат, режиссура курсын белгілі актер, режиссер, театр педагогы Куба Адылов жүргізді.

Курс нәтижесінде қойылған 5 спектакльді арнайы қазылар бағалайды. Фестивальдің жабылу салтанатында үздік спектакль авторларына бас жүлде – Берлиндегі Theatertreffen 2025 фестиваліне жолдама табысталады.

aLqa фестивалі аясында өтетін премьералар реті төмендегідей:

04 желтоқсан – “404”, драматург Димаш Зиядин, режиссер Лаура Мақан;

05 желтоқсан – “Qabyrğa qalqasynda”, драматург Айнұр Төлеу, режиссер Заңғар Ахмет-Қазы;

06 желтоқсан – “Ünsız”, драматург Айжарық Сұлтанқожа, режиссер Елдар Ташкенбай;

07 желтоқсан – “Eskertkış”, драматург Мақсат Мәлік, режиссер Нұрлан Бақытжанұлы:

08 желтоқсан – “SÖZ”, драматург Бэлла Қасымқызы, режиссер Саламат Өтешев.

 

4 желтоқсан күні сағат 19:00  aLqa жобасына арналған баспасөз конференциясы өтеді. Аккредитация алу үшін, aLqa жобасы туралы қосымша сұрақтар болса, +7 778 318 9256 нөміріне WhatsApp арқылы хабарласа аласыз. 

Мекенжай: Алматы қаласы, Almaty Creativee Hub, Марков көшесі, 44, 5-қабат.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ArtKöshe #театр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Бүгін 19:09

«Ән іздеген Асанқайғы»

Бүгін 19:08

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Бүгін 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Бүгін 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бүгін 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);