Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / «АрселорМиттал Теміртауға» қандай талап қойылды?

«АрселорМиттал Теміртауға» қандай талап қойылды?

Өмір-өзен 10.11.2022, 06:15 2,359
«АрселорМиттал Теміртауға» қандай талап қойылды?
Сурет: Elorda.info

Бұл туралы Әлихан Смайылов айтты.


Үкімет басшысының айтуынша, кен өндіретін компанияларға талап күшейеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға тиесілі Қарағанды облысындағы шахталардағы апатқа тоқталайын. Жақында көмір өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану келісімшартын қайта қарау барысында осы компанияға алғаш рет қосымша талаптарды енгіздік: жыл сайын көмір өндірісін жаңғыртуға кемінде 150 млрд теңге бөлу, көмір қабаттарын газсыздандыруға 37 млрд теңге инвестиция бөлу. Бұрын жер қойнауын пайдаланушыларда мұндай міндеттер болмаған. Басқа жер қойнауын пайдаланушыларға да осындай қосымша талаптар мен міндеттемелерді күшейтуді жоспарлап отырмыз», – деді премьер-министр Сенаттың жалпы отырысында.



Еске сала кетсек, 3 қарашада Қарағанды облысының Шахтинск қаласындағы Ленин шахтасында апат болып, 5 кенші көз жұмған еді.


Ал, экологиялық реттеу және бақылау комитеті «АрселорМиттал Теміртау» АҚ милиардтаған айыппұл салынатынын жариялаған болатын. Соңғы 3 жылда аталған компанияға экологиялық талаптарды сақтамағаны үшін 3 млрд теңгеден астам айыппұл салынған. Ведомство басшысы Серікқали Брекешев компанияға келесі жылға экологиялық рұқсат берілмеуі мүмкін екенін жоққа шығармады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кен #Талап #үкімет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика