Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «АрселорМиттал Теміртау» ресми түрде QARMET болып...

«АрселорМиттал Теміртау» ресми түрде QARMET болып өзгерді

Әлеумет 10.12.2023, 05:04 1,113
«АрселорМиттал Теміртау» ресми түрде QARMET болып өзгерді
Сурет: ашық дереккөз

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев QARMET жаңа инвесторы Андрей Лаврентьевті еңбек ұжымына таныстырды. Өз кезегінде ол Вадим Басинді компанияның бас директоры деп жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



Қазақстандық Qazaqstan Steel Group (QSG) компаниясы бұрынғы ArcelorMittal Temirtau кәсіпорнына инвестор болды.


Компания атынан кәсіпкер Андрей Лаврентьев Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірге ArcelorMittal Temirtau активтерін сатып алу келісіміне қол қойды.




«Келісім шарты бойынша QSG АМТ активтері $286 млн-ға сатып алынды, сондай-ақ жыл сайынғы 4 рет тең жарнамен төленетін $450 млн мөлшеріндегі қаражат кепілді түрде кейінге қалған төлемді жүзеге асырады. Сонымен қатар, келісім жабылған кезде тағы АМТ-ның өтелмеген топішілік қарызын төлеу үшін 250 миллион доллар төленеді», — деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігі.




Келісімге сай компания кейіннен $3 млрд астам қаржыны инвестициялау міндеттемесін өзіне алады, оның ішінде 1,3 млрд доллар келесі жылы инвестицияланады.




«Әрине, компанияның жаңа иесінің алдында маңызды міндеттер тұр, бірінші кезекте — еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жағдай жасау, қызметкерлердің әл-ауқатын арттыру, сондай-ақ әлеуметтік жобалар арқылы жергілікті қоғамдастықты дамытуға белсенді қатысып, көмек көрсетуі керек», — деді Ермағанбет Бөлекпаев.




Кездесуде Вадим Басин QARMET компаниясының бас директоры ретінде таныстырылды.


Ұлттық инвестор қысқа мерзім ішінде жұмыс барысындағы ұжымдық келісімшарт пен кәсіпорын жұмысшыларының еңбекақысын төлеу жүйесінің сақталуын, өндіріс орнының қауіпсіздігін және экологиялық ахуалын одан әрі жақсарту, өндірісті жаңғырту және қайта ұйымдастыру, шығарылатын өнім көлемін, номенклатурасын және түрлерін ұлғайту секілді міндеттемелерді өз жауапкершілігіне алып отыр.


Компания кәсіпорынның қызметіне талдау жүргізгеннен кейін нақты мәліметті инвестордың ресми өкілдері арқылы беретінін хабарлайды. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#QARMET #«АрселорМиттал Теміртау» #келісім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Студенттерді әлеуметтік желі арқылы алдаған күдіктілер ұсталды

Бүгін 15:15

Қазақстандағы ең үлкен бес мешіт

Бүгін 15:05

Мемлекет басшысы Сербия Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Бүгін 14:36

Атырауда ата-енесін өлтірді деген күдіктінің ұсталған сәті жарияланды

Бүгін 14:31

Алматыда «Конституциялық реформа – елдің ұзақ мерзімді дамуының негізі» атты сарапшылар форумы өтті

Бүгін 14:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі