AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әрқайсымыз елдің бірлігі үшін үлес қосуға тырысайы...

Әрқайсымыз елдің бірлігі үшін үлес қосуға тырысайық – Бас мүфти

Әлеумет 05.01.2022, 04:28 1,304
Әрқайсымыз елдің бірлігі үшін үлес қосуға тырысайық – Бас мүфти
almaty-akshamy.kz

Қазақстанның Бас мүфтиі, ҚМДБ басшысы Наурызбай қажы Тағанұлы сұйытылған газ бағасына байланысты наразылықтардан кейін ел тұрғындарына бейнеүндеу жасады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Құрметті отандастар! Қадірлі ағайын! Ата-бабамыздың арманы болған Тәуелсіздігімізге осыдан 30 жыл бұрын қол жеткіздік. Қазіргі таңда осы Тәуелсіздікті сақтау – әрбір қазақстандық үшін қастерлі, қасиетті борыш. Алла Тағала Тәуелсіздігімізді баянды етсін. Тыныштығынан айырылған ел – жұлдызы жоқ аспан іспетті дейді. Тыныштық болмаса, кәсіптің, дүниенің еш пайдасы болмайтыны баршаңызға белгілі», - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.



Бас мүфтидің айтуынша, Алла Тағала қасиетті Құранда «Жер бетінде тыныштық орнағаннан кейін бүлік жасамаңдар» дейді.



«Қазіргі уақытта, қадрілі ағайын, баршамызға бірлік, бауырмалдық қажет. Сондықтан барлығымыз Алладан елдің бірлігін, тыныштығын сұрайық. Осы ел үшін, елдің бірлігі үшін әрқайсысымыз шамамыз келгенше үлес қосуға тырысайық. Жаратушы Алла Тағала біздің елімізге, Отанымызға ауызбіршілік, ынтымақ нәсіп етсін! Алла тіл-көзден сақтасын. Ішімізді даудан, сыртымызды жаудан сақтасын! Жаратушы Жаппар иеміз қазақ халқына ауызбіршілік, ынтымақ беріп, екі дүниенің бақытын нәсіп етсін», - деді Бас мүфти.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #мүфти #Наурызбай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да госпитальдық фармация бөлімі ашылды

Бүгін 16:06

Алдағы уақытта Құрылтай сайлауы өтеді, Халық кеңесі құрылады

Бүгін 15:42

Мемлекет басшысы: «Бас құжатымыз адами құндылықтар мен заң нормаларының жиынтығы ғана емес, ел дамуының қозғаушы күші болуға тиіс»

Бүгін 15:40

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Алатау city жобасын жүзеге асыру – мемлекеттік маңызы зор міндет, еліміз үшін стратегиялық мәні бар жұмыс»

Бүгін 15:33

Президент: «Алматы агломерациясын дамыту қажет»

Бүгін 15:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);