Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Әркім өз болашағын өзі қалайды 

Әркім өз болашағын өзі қалайды 

Өмір-өзен 11.10.2024, 16:43 1,061
Әркім өз болашағын өзі қалайды 
Фото Айгүл Колумбетова

Алматы қаласы Қоғамдық даму орталығының бастамасымен «Алматы тұлғалары» жобасы аясында SmArt.Point коворкинг - орталығында Алматы қаласы мәслихатының депутаты, белгілі спортшы және параолимпиадашы - Серік Есматовтың жастармен кездесуі өтті,деп хабарлайды aqshamnews.kz

Серік Есматов - Қазақ туризм және спорт Академиясының түлегі, 2013 жылы Малайзияда өткен ірі халықаралық жарыстардың жеңімпазы, волейболдан Қазақстан жастар құрамасының экс-капитаны, Қазақстан спортшылары арасында волейболдан бірінші паралимпиадалық турнирдің қола медалінің иегері, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, Алматы қаласы мәслихатының депутаты.  

Іс-шараның мақсаты - өз саласында жетістікке жеткен тұлғалардың үлгісімен жастарды ынталандыру, қандай жағдай болмасын өз саласының маманы болуға ұмтылу, патриотизм мен азаматтық белсенділік сезімін тәрбиелеу, ешқашан берілмеуді үйрену.

«Мен өзімнің 26 жасыма дейін көптеген өмір белестерінен өттім. Алматыда туып өстім. Бірқатар үйірмелерге қатыстым. Математикаға жақын болдым. Сонымен бірге бокс, суға жүзу, волейбол сияқты түрлі спортқа қатыстым. Мектепте белсенді болдым. Жас күнімнен еңбекке араластым. Қоғамның белсенді істеріне қатынастым. Өмірде биік белестерге ұмтылғандар әрдайым жетістікке жетеді, - деді Алматы қаласы мәслихаты депутаты Серік ЕСМАТОВ.

Сонымен қатар кездесуге әр саланың өкілдері, әр санаттағы жастар қатысты. Орайлы сәтті пайдаланып, ой-пікір білдік.

«Бұл кездесудің мәні зор. Жастарға мотивация береді. Сондай-ақ кездесу қонағы Серік ЕСМАТОВ тың өмір жолы, жетістіктері көп үлгі-өнеге. Бұл жиынға келген студенттер, әр саладағы жас өрендер өздерінің алдында мықты, қайсар, алға ұмтылған талапты, талантты адам бар екенін білгені дұрыс. Өйткені адамның істегенін адам істей алады деп тұжырымдаймыз. Бұл жолығудың мән-мағынасы  зор. Бұндай кездесулер ден әрбір жас өзіне қажетті дүниені алады деп ойламыз», - деді кездесуге қатысушы Әсел Боранбаева.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кездесу #Паралимпиада #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика