конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Архив пен кітапхана мамандарын оқытуға арналған гр...

Архив пен кітапхана мамандарын оқытуға арналған грант көбейді

Білім және ғылым 05.07.2023, 03:51 1,672
Архив пен кітапхана мамандарын оқытуға арналған грант көбейді
Сурет: Еgemen.kz

Жаңа оқу жылына магистр даярлауға - 20, PhD докторына 3 грант бөлу жоспарланып отыр.


Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен архив және кітапхана мамандарын даярлауға арналған мемлекеттік грант саны 5 есе ұлғайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



Биыл «Кітапхана ісі, ақпаратты өңдеу және архив ісі» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавриат жоғары білімі бар мамандарды даярлауға 2023-2024 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі өсті. Осыған дейін аталған мамандықтарға 20 грант қана бөлінген болса, биылғы маусым айында енгізілген өзгерістерге сәйкес грант саны 100-ге дейін ұлғайды.



Бұл Мәдениет және спорт министрлігінің Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлескен жұмысының нәтижесінде іске асты. Басты мақсат - мемлекеттік архивтер мен кітапханалардың кадрлық әлеуетін білікті жас мамандармен күшейту.


Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының тапсырмасымен халық тығыз орналасқан және жаңадан құрылған облыстардың жастарына еліміздің жетекші жоғары оқу орындарына түсуі үшін арнайы мемлекеттік білім гранттары қарастырылып отыр. Оған сәйкес, 5 өңірге кітапхана және архив мамандарын даярлауға арналған қосымша 89 грант берілді. Оның ішінде Түркістан облысына – 52, Шымкент қаласына – 14, Жетісу облысына – 12, Ұлытау облысына – 1 және Абай облысына – 10.


Сонымен қатар, 2023-2024 оқу жылына магистрлерді даярлауға - 20, PhD докторына 3 грант бөлу жоспарланып отыр.



«Мәдениет және спорт министрлігі архив және кітапхана салаларын білікті кадрлармен қамтамасыз ету бағытында бірқатар жобаларды жүзеге асырады. Оның ішінде кітапханашыларды шетелде оқыту немесе тағылымдамадан өтуге жіберу. Сондай-ақ тұрақты түрде біліктілік арттыру іс-шараларын ұйымдастыру. Аталған мамандыққа грант санының ұлғаюы жас мамандармен саланың кадрлық әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді»,- деді ҚР МСМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Қуат Бораш.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#архив #кітапхана #грант
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Respublica партиясы: Ата Заң – елдігіміздің айғағы, тәуелсіздігіміздің тұғыры

Бүгін 12:11

Алматыда Қазақстанның жаңартылған конституциясының күшіне енуіне орай мемлекеттік әнұран шырқалды

Бүгін 12:05

Бизнес өкілдерінің ұсыныстары «Əділет» партиясының тау-кен металлургия кешенін дамыту жөніндегі бастамалар топтамасына енгізіледі

Бүгін 12:01

Алматыда жарты жылда еңбек заңнамасы 600 рет бұзылды

Бүгін 11:36

Алматыда 51 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Бүгін 11:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);