2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялануы мен осы бағытта жүргізіліп жатқан шаралар әрбір еңбек пен туындының өз тағдыры бар екенін көрсетеді. Қоғамда еңбекқорлық пен адал жұмыс істеу мәдениетін насихаттау – болашақ дамудың кепілі. Осыған орай, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, олардың кәсіби деңгейін көтеру мен инфрақұрылымын жақсарту шаралары жүзеге асуда. Бұл да қоғамның әрбір мүшесінің еңбегі бағаланып, әрбір істің өз маңызы бар екенін айқындайды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз. Бұл «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді. Қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез-келген еңбек - қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. Сонда ғана еліміздамудң сара жолына түседі», атап көрсетті.
Адамзат өркениетінің дамуы барысында әрбіртуындының өз тағдыры болатыны анық. Кез келгенөнер туындысы, ғылыми жаңалық немесе кәсіби еңбек уақыт өте келе өз орнын тауып, қоғамға әсер етеді. Бұл тұрғыда Сапаров Қалдыбек Балабекұлының өмірі мен шығармашылығы – осы қағиданың жарқын дәлелі.
Қалдыбек Балабекұлы – қазақ мәдениеті мен өнеріне айтарлықтай үлес қосқан тұлға. Оның шығармалары қоғамның рухани дамуына ықпал етіп, уақыт өте келе ерекше маңызға ие болуда. Оның еңбектері өз заманының айнасы болып қана қоймай, кейінгі ұрпаққа да үлкен рухани азық береді. Әрбір туындының өз тағдыры болатыныноның шығармашылық жолынан анық көруге болады. Қазіргі таңда оның еңбектері көптеген өнер сүйер қауымның назарында.
Сапаров Қалдыбек Балабекұлы 1959 жылы 29 қыркүйекте Ташкент облысы Бостандық ауданыАбай ауылында дүниеге келді. 1966-76 жылдарыБостандық ауданы Абай ауылында № 34 ҚанышСәтбаев атындағы орта мектепте білім алды. 1977-79 жылдары Совет армиясы қатарында қызмет етті. 1980-1984 жылдары Шымкент қаласындағы Әбілхан Қастеев атындағы Көркем сурет Өнер училищесінде білім алып, суретші- көркемдеуші мамандығын тәмамдап шықты. 2003-2006 жылыАбай атындағы педогогикалық университетінің қабырғасында шеберлігін арттырып бейнелеу өнері және сызу мамандығын бойынша оқып үздік диломмен бітірді.
1985-1986 жылдары Шымкент қаласында «Казторг» реклама бірлестігінде суретші – көркемдеуші мамандығы бойынша жұмыс жасады. 1987-2000 жылдары Ташкент облысы Шыршық қаласында «ЭлектроХимпром» заводында суретші– көркемдеуші мамандығы бойынша жұмыс жасады. 2001-2009 жылдары Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педогогикалық университетінде оқытушы-шебер болып жұмыс жасады. 2009-2013 жылдары Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясында оқытушы-шебер болып қызметатқарды. 2014 жылдан бері Алматы қаласы Наурызбай ауданы № 187 жалпы білім беретінмектепте Бейнелеу өнері және Көркем еңбек пәні мұғалімі болып қызмет атқарып келеді.
2025 жылы 19-наурызында Алматы қаласының №187 жалпы білім беретін мектепте Қалдыбек Балабекұлының шығармашылығына арналған жекекөрме мен конференциясы өтті. Бұл шара оның шығармашылығын тереңірек таныстыруға, оның еңбектерінің маңызын дәріптеуге бағытталды. Көрмеде суреттері, қолжазбалары мен маңызды шығармалары қойылып, оның өнердегі ізденістеріжан-жақты талқыланды. КонференцияныңҚұрметті қонақтары: Наурызбай аудандық білімбөлімінің басшысы Кусаинова СалтанатАмангелдиновна, №148 мектеп-гимназияның суретжәне еңбек пәнінің мұғалімі Көдеков Қанағат Қалиұлы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Тұранқұлова Дариға Тұранқұлқызы, ҚР білім беру ісінің үздігі Асылханов Ермек Сабырович, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Бейшекеев Аскар Абдыбекович, "Ұстаз" Алматы қалалық жергіліктікәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің жетекшісіБайгуттинов Серикжан Кадралинович, РесейФедерациясы Жаратылыстану ғылымдары академиясының профессоры Кошенов КамбарбекСапашович және ғалымдар, өнер зерттеушілері, оқытушылар мен студенттер жиналып, Қалдыбек Балабекұлының шығармашылығы мен оның ұлттық мәдениетке қосқан үлесі жайында пікір алмасты. Мұндай шаралар оның мұрасын кейінгі ұрпаққа жеткізуге және оны жаңа қырынан тануға мүмкіндік береді. Жалпы көрмеге 70-тен астамөнер туындылары қойылады.
Әрбір туындының өз тағдыры бар деген ой Қалдыбек Балабекұлының өмір жолы мен шығармашылығынан айқын көрінеді. Оның еңбектері тек өткеннің бір бөлшегі емес, оларбүгінгі және болашақ ұрпақ үшін де құнды. Сондықтан әрбір адам өз ісіне адал болып, еңбекқорлық пен шығармашылықты ұштастыра білсе, оның еңбегі уақыт өте келе өз бағасын алады.