Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әрбір дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде бассейн б...

Әрбір дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде бассейн болуы керек

Әлеумет 19.10.2023, 10:42 1,037
Әрбір дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде бассейн болуы керек
Суреттерді түсірген - Д.Исаев

Ерболат Досаев дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін жобалау нормативтерін қайта қарауды тапсырды


Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында Алатау ауданының Зерделі ш/а аумағы 3 мың шаршы метрден асатын жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын тексерді. Қала басшысына спорт зал, секциялық сабақтарға арналған нысандар көрсетілді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Ерболат Досаев спорт басқармасының басшысына жобада бассейннің жоқтығын көрсетіп, құрылысы жоспарланған барлық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде бассейнге орын қарастыруды тапсырды. 



Жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенін көрген Алматы әкімі нысанды мұндай жағдайда қабылдауға тыйым салды. Қала әкімі құрылыс басқармасы басшысына нысанды тиімсіз пайдаланбауға, ғимараттың орталықта болуына және келушілердің сабаққа қатысуына ыңғайлы етіп қайта қарау керектігін айтты. Сонымен қатар, Ерболат Досаев мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы жағдай жасауды жүктеді. 



Дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысын «КАПСТРОЙГРУПП-Т» ЖШС мердігерлік ұйымы 2021 жылдың тамызында бастаған. Алайда құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты жұмыс 2021 жылдың соңында тоқтатылып, 2022 жылдың жазында жобаға түзету енгізілген соң қайта жанданды. Бүгінде кешенді салу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Қазір ғимарат инженерлік желілерге қосылған, аумақты абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр.



Зерделі ш/а жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені Алатау ауданында алғаш рет салынып отыр. Оған күніне 400-ге дейін бала бара алады. Дене шынықтыру-сауықтыру кешені ауданның спорт секциясына деген қажеттіліктерін ескере отырып жобаланған: Зерделіде балалар баскетбол, волейбол, дзюдо, таэквондо, бокс және пауэрлифтингке қатыса алады. 



Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков қала басшысына тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндап, денсаулық сақтау және білім беру нысандарын салу жобасын ұсынды. Ерболат Досаев Зерделі ш/а саябақ құрылысы аясында көгалдандыру мәселесіне ерекше назар аударуды және жасыл желектердің санын көбейтуді тапсырды.



Анықтама:
Алматыда балалар мен жастарды қолжетімді спорт секцияларымен қамтамасыз ету, халықты салауатты өмір салтына тарту үшін Медеу ауданының Алатау шағын ауданында және Түрксіб ауданының Жас Қанат шағын ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайда болады. Олардың құрылысы кестеге сәйкес, 2023 жылдың соңына дейін аяқталады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкім #Досаев #кешендер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық конькиші екі дүркін әлем чемпионы атанды

Бүгін 10:51

Гүл жеткіземін деген “курьер” ақтөбеліктің 7,5 млн теңгесін қағып кеткен

Бүгін 10:44

“Үйіме жеттім-ау”. Михаил Шайдоровты алматылықтар ерекше құрметпен қарсы алды

Бүгін 09:24

Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:58

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады

Кеше 17:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі