Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Араб Әмірліктері Қазақстанға инвестиция салуға мүд...

Араб Әмірліктері Қазақстанға инвестиция салуға мүдделі

Саясат 25.08.2023, 12:07 1,334
Араб Әмірліктері Қазақстанға инвестиция салуға мүдделі
Сурет: ашық дереккөз

Араб Әмірліктері Қазақстанға инвестиция салып, серіктестік орнатуға дайын.


Өйткені біздің мемлекет арабтар үшін Орталық Азия аймағындағы сенімді стратегиялық серіктес. Қазақстанның табиғи ресурсы мен инфрақұрылымдық әлеуеті мол, ал Араб әмірліктері энергетика, инновация сияқты салаларда бірегей технология мен тәжірибеге ие, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 24.kz-ке сілтеме жасап.


Мұндай тиімді әріптестік, әсіресе араб инвесторлары үшін, тартымды болып отыр. Metito – әлемге суды қайта пайдалану, ағынды суды тазарту сынды инженерлік тың технологияларымен танымал алпауыт компания. 65 жылдық тәжірибесі бар ұйым. Африка континенті елдері, Сауд Арабиясы, Қатар, Араб Әмірліктері, Пәкістан, Египет, жалпы саны 50-ден астам елде су тазарту мәселесін шешіп, жаңартылатын энергия көзін өндірумен айналысады.



Рами Гандур, "Metito" компаниясының бас директоры: - Жаһандық мәселелерге әсер ету, тұрақтылық және инновация – біздің басты принцип. Қазақстан да осындай ұстанымда екенін көріп отырмыз. Азия континентінде жедел дамып келе жатқан ел ретінде әрі инвестициялық тартымдылығын ескере отырып, біз қазір Қазақстанмен әріптес болуға ұмтыламыз.



Шетелдік инвестор ұсынып отырған жоба су энергетикасына тікелей қатысты. Гидроресурс арқылы жаңартылатын энергия алу мәселесі бойынша шетелдік компания Маңғыстау және Көкшетау өңірлерімен байланыс орнатқан.



Рами Гандур, "Metito" компаниясының бас директоры: - Президент Тоқаев мырза Әмірліктердегі инвесторлар кездесуінде бізге нақты қандай қадамдар жасау керектігін айтты. Қазір Қазақстанның Әмірліктердегі елшілігінің қолдауымен нақты салалық министрлермен байланыс орнады. Қаржылай инвестиция салу бойынша нақты шектеу жоқ, жобаның көлеміне байланысты. Бастапқы кезеңде 10 миллион долларға дейінгі көлемде инвесторлық салым жасауға дайын отырмыз.



Жалпы, Әмірліктермен әріптестік орнағалы бері Қазақстанға 3 миллиард 200 миллион доллар тікелей инвестиция салынған. Шетелдік капитал үшін Қазақстан барынша қолайлы жағдай жасап отыр. Дәл қазір елімізде әмірлік инвесторларының қаражатына 10-ға жуық ірі инвестициялық жоба жүзеге асып жатыр.


Осы жылы да инвестициялық салымның белсенділігі байқалады. Инфрақұрылым, энергетика, көлік логистикасы және басқа да негізгі салалардағы ынтымақтастық екі елдің ұзақ мерзімді дамуына ықпал етеді.



Қазақстан республикасының БАӘ-дегі елшілігінің екінші хатшысы: - Екі ел арасында қаржы қызметтері, фармацевтика, энергетика, жаңартылатын энергия көздері, логистика салаларында ынтымақтастықты дамытуға үлкен мүмкіндіктер бар. 2022 жылдың қорытындысы бойынша БАӘ нен Қазақстанға тартылған тікелей инвестициялардың ағыны 417 миллион долларына жетті.



Елдер бір-бірінен алшақ жатса да, жыл өте екпін алып келе жатқан тығыз экономикалық қарым-қатынас бар. Өткен жылы елдер 632 миллион долларға тауар алмасқан. Келер күнде де Араб мемлекеті Орталық Азиядағы сенімді әріптес ел – Қазақстанмен тығыз байланыс орнатуға мүдделі.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/ekonomika/item/614819-arab-mirlikteri-aza-stan-a-investitsiya-salu-a-m-ddeli
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Араб Әмірліктері #Ынтымақтастық #инвестиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика