AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / «Әр мамандық - табысты болашақтың бастауы»: Ұстазд...

«Әр мамандық - табысты болашақтың бастауы»: Ұстаздың көзімен...

Барлығы 03.06.2025, 15:38 649
«Әр мамандық - табысты болашақтың бастауы»: Ұстаздың көзімен...
сурет: Алматы құрылыс - техникалық колледжі

Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы – еліміздегі қарапайым еңбек адамдары үшін үлкен серпіліс болды. Президентіміздің 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жариялауы – кәсіби білім мен техникалық мамандықтарға жаңа серпін беретін, еңбектің қадірін арттыратын маңызды қадам. Бұл бастама – еліміздегі өндірістік, ауыл шаруашылық, құрылыс, көлік және өзге де салаларда аянбай еңбек етіп жүрген мыңдаған жұмысшы мамандардың мәртебесін арттыру жолындағы жарқын бастау екені сөзсіз.

Осындай игі бастамалар кәсіби-техникалық білім беру ошақтарының да жауапкершілігін арттырып отыр. 55 жылдық тарихы бар Алматы құрылыс-техникалық колледжі – еліміздің экономикалық дамуына серпін беретін білікті мамандарды даярлау ісінде айтарлықтай үлес қосып келе жатқан білім ордасы. Колледж қабырғасында бүгінде 9 түрлі мамандық бойынша білім алушылар заман талабына сай білім мен тәжірибені қатар меңгеріп, бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасып келеді.

Жуырда «Жұмысшы мамандықтарының жылы» аясында өткен «Қазақстан колледждерінің Үздік 100 студенті» республикалық байқауында колледжіміздің студенті, «Дәнекерлеу ісі» мамандығының өкілі Шабаров Нұрлыбек Байғалиевич үлкен жетістікке қол жеткізді. Бұл жеңіс – бір ғана студенттің емес, бүкіл ұжымның, ұстаздар мен студенттердің ортақ еңбегінің жемісі. 

Нұрлыбектің жетістігі – кәсіби мамандықтың беделін арттыруға қосылған үлкен үлес. Ол байқау барысында өзінің мамандығына деген сүйіспеншілігін, кәсіби шеберлігі мен келешекке деген сенімін барынша көрсете білді. Бүгінгі таңда дәнекерлеу ісі – елімізде жоғары сұранысқа ие, аса қажетті және табысты мамандықтардың бірі. Металды дәнекерлеу – шеберлікті, дәлдікті, шыдамдылық пен ұқыптылықты қажет ететін, нағыз өнер деп айтуға тұрарлық жұмыс.

Біздің колледж студенттері өндірістік тәжірибеден Krones сынды ірі компанияларда өтіп, кәсіби машықтарын шыңдауда. Тамақ өнеркәсібіне арналған жабдықтарды сапалы дәнекерлеп, ел экономикасының дамуына өз үлестерін қосып жатқандары – ұстаз үшін ең үлкен мақтаныш.

Бүгінгі жаһандану дәуірінде уақыт талабына сай сапалы маман болу – зор жауапкершілік. Бұл жолда әрбір студент үздіксіз ізденіп, өз білімін дамытып, таңдаған ісін сүйе білуі тиіс. Кәсіпке адалдық пен еңбекке деген махаббат – табысты болашақтың негізі.

«Ең оңай жұмыс – өзің сүйетін іс» демекші, мен жас ұрпаққа мына бір қарапайым, бірақ аса маңызды ойды жеткізгім келеді: мамандық таңдау – табысқа жетудің жолы емес, өзіңді табудың жолы. Ақша мен атақ емес, қызығушылық пен ниет шынайы жетістікке жетелейді. Әр мамандықтың өз қадірі, әр еңбек адамының өз орны бар.

Біз, ұстаздар қауымы, ел болашағын тәрбиелеп отырғанымызды терең сезінеміз. Болашақ – еңбекқор, білімді, кәсіби шебер мамандардың қолында. Сондықтан әр мамандық иесін құрметтеп, жастарды кәсіптік білімге баулып, еңбекке тәрбиелеу – басты міндетіміз.

Алматы құрылыс - техникалық колледжінің

Арнайы пән оқытушысы Оспанова Назым Уәлиханқызы

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұстаз #мамандық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз – бірлік пен алғыс мерекесі: Алматыда ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Бүгін 20:32

Ғылым мен Конституция арқылы жаңа бағыт: Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев не туралы айтты

Бүгін 20:28

21 наурызда Түркі әлемі халықтарының көрме-жәрмеңкесі ашылады

Бүгін 20:23

Абай университеті Ұлыс күнін тойлады

Бүгін 18:53

Алматыда «Ауыл» партиясы Наурызға орай ерекше акция ұйымдастырды

Бүгін 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика