конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Ақжарда 20 шақырым жолға асфальт төселді

Ақжарда 20 шақырым жолға асфальт төселді

Алматы Бүгін 13:29 35
Ақжарда  20 шақырым жолға асфальт төселді
Самат Хусайнов

Бұл жалпы жоба көлемінің 55 пайызы деген сөз, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ақжар ауданында жол құрылысына байланысты ең үлкен жоба іске асып жатыр. Наурызбай ауданының әкімдігі мен Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз туры барысында журналистер осы жұмыстың аяқ алысымен танысып, жылдам дамып келе жатқан ауданда көлік инфрақұрылымының қалай жаңарып жатқанына куә болып қайтты.

Ұзындығы 45 шақырымнан асатын 89 көшеде заманға сай көлік жолы салынып жатыр. Қалалық мобильділік басқармасының тапсырысымен жұмысты «BCS Construction» ЖШС мердігер ұйымы қолға алыпты.

Құрылысты кезең-кезеңімен жүргізіп, су құбыры мен кәріз желісін тарту жұмысымен үйлестірген екен. Мұндай тәсіл абаттандыру аяқталғаннан кейін жол жамылғысын қайта қазып әурелемей, жобаны тиімді етуге сеп болмақ.

Баспасөз туры барысында журналистер атқарылған жұмыспен танысты. Қазіргі таңда шағын ауданда шамамен 20 шақырым жолға асфальт төселіпті, бұл жалпы жоба көлемінің 55 пайызы деген сөз.

Аудан әкімі мұның бәрі шағын ауданның инженерлік инфрақұрылымын дамытуды көздейтін ауқымды жұмыстың жалғасы екенін айтады.

«Мұнда екі жыл бойы су құбыры мен кәріз жүйесінің құрылысы жүрді. Осы жұмыс аяқталғаннан кейін жол салуға кірістік. Жаңа жолың жалпы ұзындығы 45,3 шақырым болады, 89 көшені қамтиды. Бұл – ауданымыздағы ең ірі инфрақұрылымдық жобаның бірі болды», – дейді Нәзира Тоғызбаева.

Оның айтуынша, жұмыстың басым бөлігі бүгінде аяқталған.

«Қазір 36 шақырым жол салынып бітті. Бұрын-соңды асфальт төселмеген 74 көшеде жұмыс толық аяқталды. 2026 жылдың қазан айына дейін қалған 10,3 шақырым жолды аяқтап, шағын аудан тұрғындарын толыққанды осы заманғы жол желісімен қамтамасыз етеміз», – деп атап өтті аудан әкімі.

Жаңа жолдың құрылысымен қатар, аудандағы көше-жол желісіне де орташа жөндеу жүргізіп жатыр.

«Орташа жөндеу аясында жалпы ұзындығы 10,4 шақырымды құрайтын 11 көшеде осындай жұмыс істеліп жатыр. Қазір Жандосов көшесінің Медеубеков көшесінен Дәулеткерей көшесіне дейінгі бөлігінде жолды кеңейтіп жатыр. Сонымен қатар ағымдағы жөндеу шеңберінде екі көше жөнделіп, бақылау мен жаңбыр суын қабылдау құдығының қақпағы ауыстырылды, нөсер кәрізі жүйесінің элементтері жөнделіп, өздігінен теңестірілетін люктер орнатылды», – деді Нәзира Тоғызбаева.

Инженерлік коммуникациялар толық аяқталған учаскеде жолдың негізін дайындап, асфальтбетон жамылғысын төсеп жатыр.

2026 жылдың қазан айында Ақжар шағын ауданындағы барлық көшеде асфальтбетонның жоғарғы қабатын төсеу бітпек ойда. Жоба іске асқаннан кейін шағынауданның көлік қолжетімділігі артып, қалалық ортадағы жайлылық деңгейі едәуір жақсарады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жол құрылысы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ALMA LOVE: Алматы халықаралық жастар күнін президент айқындаған негізгі идеологиялық құндылық аясында атап өтеді

Бүгін 14:11

Сайлау-2026: Ең жиі таралатын жалған ақпараттар

Бүгін 13:49

Алматының Наурызбай ауданында жаңа мектеп-интернат пен үш балабақша салып жатыр

Бүгін 13:35

Алматылық ардагерлер Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырды

Бүгін 13:22

Наурызбай ауданындағы сумен жабдықтайтын орталық таныстырылды

Бүгін 13:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);